1. "Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң жанындағы консультациялық-кеңесшi органдар мен жұмыс топтарын құру тәртiбi, қызметi мен таратылуы туралы нұсқаулықты бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 16 наурыздағы N 247 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 9, 70-құжат) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 16 наурыздағы N 247 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 10 ақпандағы N 135 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Yкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанындағы консультативтiк-кеңесшi органдар мен жұмыс топтарын құру тәртiбi, қызметi мен таратылуы туралы нұсқаулықта:
2-тармақтың екiншi және үшiншi абзацтары алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
"2-1. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi кейiннен Қазақстан Республикасының Yкiметi мүшелерiнiң алқа шешiмiн қабылдауды талап ететiн аса маңызды мәселелер бойынша комиссияларды басқарады. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi басқаратын комиссиялардың құрамына мемлекеттiк органдардың бiрiншi басшылары немесе алмастыру құқығынсыз олардың мiндеттерiн атқаратын тұлғалар кiредi.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасарлары Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi мен оның орынбасарлары арасындағы мiндеттердi бөлуге сәйкес олардың құзыретiне жатқызылған мәселелер бойынша, сондай-ақ екi және одан астам мемлекеттiк органдардың құзыретi шегiнен шығатын мәселелер бойынша не Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің тапсырмасы бойынша комиссияларды басқарады. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасарлары басқаратын комиссиялардың құрамына алмастыру құқығынсыз мемлекеттiк органдардың бiрiншi басшыларының орынбасарларынан төмен емес мәртебесi бар лауазымды тұлғалар кiредi.
Салааралық және ведомствоаралық мәселелер бойынша ұсыныстар әзiрлеу үшiн құрылатын комиссияларды Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң өзге де мүшелерi басқарады.
Осындай комиссиялардың құрамына кiретiн мемлекеттiк органдардың лауазымды тұлғаларының мәртебесі департамент директорынан төмен емес болуы тиiс.";
8-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"4) комиссияны/жұмыс тобын басқаратын лауазымды тұлға, сондай-ақ мемлекеттiк органдардың ұйымдардың және өзге де тұлғалардың комиссияның/жұмыс тобының құрамына кандидатуралар бойынша ұсыныстары;";
10-тармақта мемлекеттiк тілдегi мәтiнде "Қазақстан Республикасының Үкiметi" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң" деген сөздермен ауыстырылсын, "актiсiнiң" деген сөздiң алдынан "не Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң тиiстi" деген сөздермен толықтырылсын;
14-тармақтың 5) тармақшасы алынып тасталсын;
15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"15. Комиссияны құруға бастамашылық жасаған мемлекеттiк орган болып табылатын оның жұмыс органы не комиссия төрағасы болып табылатын лауазымды тұлға оны құру туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмiнде көрсетіледi.
Комиссияның жұмыс органы комиссия жұмысын ұйымдастырушылық-техникалық қамтамасыз етудi жүзеге асырады.";
18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"18. Егер Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң шешiмiнде өзгеше белгiленбесе, жұмыс тобының жұмысын ұйымдастырушылық-техникалық қамтамасыз етуді оны құруға бастамашылық жасаған мемлекеттiк орган жүзеге асырады.";
19-тармақтың бiрiншi абзацында "төраға" деген сөз "төраға/жетекшi" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Полная версия