Близость слов: Окончание:





Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 16 наурыздағы N 247 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 6 сәуірдегі N 251 Қаулысы       
Қазақстан Республикасының Үкiметi   ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 
1. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанындағы консультациялық-кеңесшi органдар мен жұмыс топтарын құру тәртiбi, қызметi мен таратылуы туралы нұсқаулықты бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 16 наурыздағы N 247  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1999 ж., N 9, 70-құжат) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
кiрiспеде "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмi бойынша құрылатын" деген сөздер алынып тасталсын; 
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанындағы консультативтiк-кеңесшi органдар мен жұмыс топтарын құру тәртiбi, қызметi мен таратылуы туралы нұсқаулықта:
"орынбасарлары", "олардың" деген сөздер тиiсiнше "орынбасары", "оның" деген сөздермен ауыстырылсын; 
", сондай-ақ екi және одан астам мемлекеттiк органдардың құзыретi шегiнен шығатын мәселелер бойынша" деген сөздер алынып тасталсын; 
төртiншi абзацта "құрамына кiретiн" деген сөздер "мүшелерi болып табылатын" деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақ "Жұмыс топтары" деген сөздерден кейiн "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң құзыретiне жатқызылған" деген сөздермен толықтырылсын;
9-тармақтың 2) тармақшасы алынып тасталсын;
10-тармақта "1) және 2) тармақшаларында көзделген жағдайларда" деген сөздер "1) тармақшасында көзделген жағдайда" деген сөздермен ауыстырылсын;
12-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын: 
"Комиссиялардың/жұмыс топтарының мүшелерi олардың қызметiне ауыстыру құқығынсыз қатысады.";
16-тармақта "комиссия жүзеге асыратын қызмет үшiн жауап бередi" деген сөздер "комиссия/жұмыс тобы жүзеге асыратын қызмет, сондай-ақ салааралық, ведомствоаралық үйлестiру үшiн және комиссия/жұмыс тобы әзiрлейтiн шешiмдер үшiн қолданыстағы заңнамаға сәйкес дербес жауап бередi" деген сөздермен ауыстырылсын;
17-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын: 
"Хатшы комиссияның/жұмыс тобының мүшесi болып табылмайды.";
19-тармақтың үшiншi абзацында "отырысқа қатысқан" деген сөздер "мiндеттi түрде барлық" деген сөздермен ауыстырылсын;
20-тармақта "комиссия", "комиссияның" және "комиссияға" деген сөздер тиiсiнше "комиссия/жұмыс тобы", "комиссияның/жұмыс тобының" және "комиссияға/жұмыс тобына" деген сөздермен ауыстырылсын;
21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: 
"21. Комиссияның/жұмыс тобының қызметiн тоқтату үшiн осы Нұсқаулықтың 20-тармағында көрсетiлген жағдайлар туындаған немесе комиссияның/жұмыс тобының құрамына немесе функцияларына өзгерiстер енгiзу қажет болған кезде комиссияның жұмыс органы болып табылатын не лауазымды адамы жұмыс тобының жетекшiсi болып табылатын мемлекеттiк орган белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулысының немесе Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi өкiмiнiң тиiстi жобасын Қазақстан Республикасының Үкiметiне уақтылы енгiзедi. 
Егер Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi, оның орынбасары, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Кеңсесiнiң Басшысы немесе оның орынбасары жұмыс тобының жетекшiсi болып табылған жағдайда Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң тиiстi өкiмiн жұмыс тобы жетекшiсiнiң тапсырмасы бойынша осындай тапсырмада көрсетiлген мемлекеттiк орган енгiзедi.";
"Жұмыс тобының" деген сөздер "Комиссияның/жұмыс тобының" деген сөздермен ауыстырылсын; 
"Премьер-Министрдiң Кеңсесiне" деген сөздерден кейiн "оған сәйкес комиссия/жұмыс тобы құрылған Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулысының немесе Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi өкiмiнiң күшi жойылды деп тану туралы шешiмнiң жобасымен бiр мезгiлде" деген сөздермен толықтырылсын;
бiрiншi абзацта "Жұмыс тобының есеп-хаты" деген сөздер "Есеп-хат" деген сөзбен ауыстырылсын; 
1) және 2) тармақшаларда "жұмыс тобы" деген сөздер "комиссия/жұмыс тобы" деген сөздермен ауыстырылсын;
25-1-тармақта "тиiстi орынбасарлары", "орынбасарлары" деген сөздер "орынбасары" деген сөзбен ауыстырылсын;
25-3-тармақта "тиiстi орынбасарларының", "тиiстi орынбасары" деген сөздер тиiсiнше "орынбасарының", "орынбасары" деген сөздермен ауыстырылсын;
25-4-тармақтың үшiншi абзацында "тиiстi" деген сөз алынып тасталсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Полная версия
ИС BestProfi