Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
Внимание! Документ утратил силу с 14.11.2008
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2002 жылғы 15 сәуiрдегі N 429 қаулысына өзгерістер енгiзу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 8 қыркүйектегі N 942 Қаулысы
Қаулының күшін жойды ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 14 қарашадағы № 1061 Қаулысымен.(қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз)
1. "Жануарлар дүниесiн пайдаланғаны үшiн төлем ставкаларын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2002 жылғы 15 сәуiрдегi N 429 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., N 11, 109-құжат) мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Балық аулау объектiлерi болып табылатын жануарлар түрлерiн пайдаланғаны үшiн төлем ставкалары осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын:
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Өзге шаруашылық мақсаттарда (аңшылық пен балық аулаудан басқа) пайдаланылатын жануарлар түрлерiн пайдаланғаны үшiн төлем ставкаларында:
"Судағы омыртқасыз жануарлар" деген бөлiмде:
4-бағандағы:
реттiк нөмiрi 1-жолдағы "100" деген сандар "50" деген сандармен ауыстырылсын;
реттік нөмiрi 2-жолдағы "15" деген сандар "10" деген сандармен ауыстырылсын;
реттiк нөмiрi 3-жолдағы "50" деген сандар "30" деген сандармен ауыстырылсын;
реттік нөмiрi 4-жолдағы "15" деген сандар "10" деген сандармен ауыстырылсын;
реттік нөмiрi 5-жолдағы "5" деген сан "2" деген санмен ауыстырылсын;
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Yкiметінің 2004 жылғы 8 қыркүйектегі N 942 қаулысына қосымша
Қазақстан Республикасы Yкiметінің 2002 жылғы 15 сәуiрдегi N 429 қаулысымен бекiтiлген
Балық аулау объектілерi болып табылатын жануарлар түрлерiн пайдаланғаны үшiн төлем ставкалары
___________________________________________________________________
P/c | Су жануарлары | Төлем ставкалары,
Полная версия