Қазақстан Республикасының Yкiметі қаулы етеді:
Внимание! Документ утратил силу с 14.11.2008
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 15 сәуiрдегi N 429 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 23 сәуірдегі N 459 қаулысы
Қаулының күшін жойды ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 14 қарашадағы № 1061 Қаулысымен.(қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз)
1. "Жануарлар дүниесiн пайдаланғаны үшiн төлем ставкаларын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 15 сәуiрдегi N 429 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., N 11, 109-құжат) мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
1) осы қаулымен бекiтiлген балық аулау объектiлерi болып табылатын жануарлар түрлерiн пайдаланғаны үшiн төлем ставкалары осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
2) көрсетiлген қаулымен бекiтiлген өзге шаруашылық мақсаттарда (аңшылық пен балық аулаудан басқа) пайдаланылатын жануарлар түрлерiн пайдаланғаны үшiн төлем ставкаларында:
"Судағы омыртқасыз жануарлар" бөлiмiнде:
"Төлем ставкалары, теңгемен" деген бағанда:
"бiр килограмы үшiн" деген 4-бағандағы:
реттiк нөмiрi 1 жолдағы "10" деген сан "100" деген санмен ауыстырылсын;
реттiк нөмiрi 2 жолдағы "3" деген сан "15" деген санмен ауыстырылсын;
реттік нөмiрi 3 жолдағы "10" деген сан "50" деген санмен ауыстырылсын;
реттік нөмiрi 4 жолдағы "3" деген сан "15" деген санмен ауыстырылсын;
реттiк нөмiрi 5 жолдағы "1" деген сан "5" деген санмен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi және жариялануға тиіс.
Қазақстан Pecпубликасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 23 сәуірдегі N 459 қаулысына қосымша
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 15 сәуiрдегi N 429 қаулысымен бекiтiлген
Балық аулау объектілерi болып табылатын жануарлар түрлерiн пайдаланғаны үшiн төлем ставкалары
___________________________________________________________________
Полная версия