Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 27.03.2018
Аңшы, балықшы және қорықшы куәліктерінің нысанын және оны беру ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2010 жылғы 29 сәуірдегі N 301 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 25 мамырда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6261 болып енгізілді
Осы Бұйрық күшін жойды 2018 жылғы 27 наурызынан бастап ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 02.02.2018 ж. № 60 Бұйрығына сәйкес
Редакция 24.12.2015 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1-тармағының 8) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 24.12.2015 жылғы № 18-03/1111 Бұйрығына сәйкес (29.11.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 28.01.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес аңшы куәлігінің нысаны;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес балықшы куәлігінің нысаны;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес қорықшы куәлігінің нысаны;
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес аңшы, балықшы және қорықшы куәлігін беру ережесі бекітілсін.
2. Келесі бұйрықтардың күші жойылды деп танылсын:
1) «Қазақстан Республикасының аңшы куәлiгiн беру ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi Орман және аңшылық шаруашылығы комитетi төрағасының 2004 жылғы 19 қарашадағы № 246 (Нормативтiк құқықтық актілерді мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде 3274 нөмірмен тіркелген, Қазақстан Республикасының Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттiк органдарының актiлерiнiң бюллетенiнде жарияланған, 2007 ж., № 5, 261-құжат) бұйрығы;
2) «Қазақстан Республикасы аңшысының куәлігін беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті төрағасының 2004 жылғы 19 қарашадағы № 246 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi Орман және аңшылық шаруашылығы комитетi төрағасының міндетін атқарушысының 2007 жылғы 12 шілдедегі № 231 (Нормативтiк құқықтық актілерді мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде 4830 нөмірмен тіркелген, Қазақстан Республикасының Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында, 2007 жылғы шілде-тамызда жарияланған) бұйрығы.
3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Табиғат ресурстарын пайдалану стратегиясы департаменті осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде тіркеуден өтуін қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрық бірінші рет ресми жарияланғаннан бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2010 жылғы 29 сәуірдегі
№ 301 бұйрығына
1-қосымша
1-қосымша өзгертілді ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 24.10.2012 жылғы № 17-03/541 Бұйрығымен (29.04.2010 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2013 жылдан бастап)
Аңшы куәлігі
 Аңшы куәлігінің мұқабасы
 (көлемі 105 х 80 мм, түсі жасыл, жазбасы қою сары түсті,
 қысып басу әдісімен жасалады)
  Қазақстан Республикасы
Аңшы куәлігі
Аңшы куәлігі бланкісінің 1-парағы
 (мұқабаның ішкі бетінің сол жағына желімденеді)
 Аңшылар мен аңшылық шаруашылығы субъектілері
 қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастығы № _____ аңшы куәлігі
Полная версия
ИС BestProfi