"Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегi Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Документ показан в демонстрационном режиме!
Балық шаруашылығы су тоғандарын (учаскелерiн) бекiтiп беру бойынша конкурс өткiзу ережесiн және конкурсқа қатысушыларға қойылатын бiлiктiлiк талаптарын бекiту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 4 ақпандағы N 102 Қаулысы
Осы редакция 14.06.2010 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды
1. Қоса берілiп отырған Балық шаруашылығы су тоғандарын (учаскелерiн) бекiтiп беру бойынша конкурс өткiзу ережесi және конкурсқа қатысушыларға қойылатын бiлiктілiк талаптары бекiтiлсiн.
2. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы 2005 жылғы 1 қарашадан бастап күшiне енедi және жариялануға тиiс.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Үкiметінiң 2005 жылғы 4 ақпандағы N 102 қаулысымен бекiтiлген
Балық шаруашылығы су тоғандарын (учаскелерiн) бекітіп беру бойынша конкурс өткiзу ережесi және конкурсқа қатысушыларға қойылатын бiлiктiлiк талаптары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Балық шаруашылығы су тоғандарын (учаскелерiн) бекiтiп беру бойынша конкурс өткiзу ережесi және конкурсқа қатысушыларға қойылатын бiлiктiлiк талаптары (бұдан әрi - Ереже) Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 15 шiлдедегi " Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы " және 2004 жылғы 9 шiлдедегi " Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы " Заңдарына сәйкес әзiрлендi және балық шаруашылығы су тоғандарын (учаскелерiн) бекiтiп беру бойынша конкурсты (бұдан әрi - Конкурс) ұйымдастыру және өткiзу тәртiбiн айқындайды.
1-тармақ жаңа редакцияда ҚР Үкіметінің 27.02.2006. № 136 (06.02.2006 жылғы редакцияны қараңыз) қаулысымен.(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз)
2. Конкурс өткiзудiң мақсаты жеке және заңды тұлғаларға оларға бекiтiлiп берiлген балық шаруашылығы су тоғандарында (учаскелерiнде) балық шаруашылығын жүргiзу құқығын беру болып табылады.
3. Осы Ереженiң қолданылуы мемлекеттiк мекеме нысанындағы заңды тұлғалар болып табылатын ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға таралмайды.
3-тармақ жаңа редакцияда ҚР Үкіметінің 27.02.2006. № 136 (06.02.2006 жылғы редакцияны қараңыз) қаулысымен.(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз)
2. Конкурсты ұйымдастыру
4. Конкурсты дайындау және өткiзу жөнiндегi ұйымдастыру iс-шараларын балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы уәкiлеттi орган (бұдан әрi - уәкiлетті орган) мен оның аумақтық органдары облыстық атқарушы органдармен бiрлесiп жүзеге асырады.
Халықаралық және республикалық маңызы бар балық шаруашылығы су тоғандарын (учаскелерiн) бекiтiп беру бойынша Конкурсты осы Ережеге сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi құратын комиссия жүргiзедi.
Комиссияның құрамына:
1) уәкілеттi органның (комиссия төрағасы);
2) тиiстi облыстар әкiмдiктерiнiң (облыс әкiмiнiң орынбасарынан төмен емес);
Полная версия