Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 30.09.2015
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 14 маусымдағы № 566 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 30 қыркүйектен бастап ҚР Үкіметінің 04.09.2015 жылғы № 745 Қаулысына сәйкес
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
2. Осы қаулы 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енетін Балық аулау ережесінің 9 және 10-тармақтарын қоспағанда, алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2010 жылғы 14 маусымдағы
 № 566 қаулысымен
 бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне
 енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
1. "Нысанды киім (погонсыз) киіп жүруге құқығы бар жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті және аумақтық органдардың лауазымды тұлғаларының, сондай-ақ жануарлар дүниесін тікелей қорғауды жүзеге асыратын мемлекеттік мекемелер мен ұйымдар қызметкерлерінің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 желтоқсандағы № 1415 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 50, 660-құжат):
"және аумақтық органдардың" деген сөздер "орган мен аумақтық бөлімшелердің" деген сөздермен ауыстырылсын;
"Нысанды" деген сөз "Айырым белгілері бар нысанды" деген сөздермен ауыстырылсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген нысанды киім (погонсыз) киіп жүруге құқығы бар жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті және аумақтық органдардың лауазымды тұлғаларының, сондай-ақ жануарлар дүниесін тікелей қорғауды жүзеге асыратын мемлекеттік мекемелер мен ұйымдар қызметкерлерінің тізбесінде:
"және аумақтық органдардың" деген сөздер "орган мен аумақтық бөлімшелердің" деген сөздермен ауыстырылсын;
"Нысанды" деген сөз "Айырым белгілері бар нысанды" деген сөздермен ауыстырылсын;
"уәкілетті және аумақтық органдар" деген сөздер "уәкілетті орган және оның аумақтық бөлімшелері" деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақта "басқармалар мен бөлімдердің бастықтары, басқармалар бастықтарының орынбасарлары" деген сөздер "басқармалар бастықтары, бас сарапшылары" деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақта "бас және жетекші мамандары" деген сөздер "сарапшылары" деген сөзбен ауыстырылсын;
Полная версия
ИС BestProfi