Близость слов: Окончание:





Документ показан в демонстрационном режиме!
Осы редакция 14.06.2010 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
Балық аулау ережесiн бекiту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 18 наурыздағы N 246 Қаулысы
"Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шiлдедегі Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса берiлiп отырған Балық аулау ережесi бекiтiлсiн.
2. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы ресми түрде жарияланған күнiнен бастап он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледі.
Қазақстан Республикасы
 Үкiметiнiң
 2005 жылғы 18 наурыздағы
 N 246 қаулысымен
 бекiтiлген
1. Осы Балық аулау ережесi (бұдан әрi - Ереже) "Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шiлдедегi Заңына  сәйкес әзiрлендi және Қазақстан Республикасының балық шаруашылығы су тоғандарында (учаскелерiнде) балық аулауды ұйымдастыру мен жүргiзу тәртiбiн регламенттейдi. 
2. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 5 қаңтардағы N 2 қаулысымен бекiтiлген Жануарлар дүниесi объектілерiн пайдалануға шектеулер  мен тыйым салуды белгiлеу ережесiне  сәйкес уәкiлеттi орган  балық ресурстары мен басқа да су жануарларын пайдалануға шектеулер мен тыйым салулар белгiлейдi. 
3. Осы Ереженiң күшi сарқынды су жинақтауыштары мен балық питомниктерiнiң су тоғандарына, сондай-ақ уылдырық шашу-өсiру, тоғандық, көл тауарлық және басқа да балық өсiру шаруашылықтарына, балық аулаудың  өзге тәртiбi белгiленген ерекше қорғалатын табиғат аумақтарына қолданылмайды. 
4. Балық аулау - балық аулау және балық аулау объектiсi болып табылатын басқа да су жануарларын олжалау. 
5. Балық аулау мынадай түрлерге бөлiнедi: 
6. Кәсiпшiлiк балық аулау - кәсiпкерлiк қызмет мақсатында балық аулау және балық аулау объектiсi болып табылатын басқа да су жануарларын олжалау. 
Кәсiпшiлiк балық аулау балық шаруашылығы ұйымдарына бекiтiлiп берiлген балық шаруашылығы су тоғандарында (учаскелерiнде) ғана жүзеге асырылады. 
Полная версия
ИС BestProfi