Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 11.10.2012
Документ показан в демонстрационном режиме!
Әкімшілік органның құрып кету қауіпі төнген жануарлар мен өсімдіктер түрлерін, олардың бөліктерін немесе туындыларын Қазақстан Республикасына әкелуге және одан тысқары жерлерге әкетуге рұқсат беру тәртібі туралы ережені бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2004 жылғы 27 қаңтардағы N 31 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2004 жылғы 26 ақпанда тіркелді. Тіркеу N 2717
Осы Бұйрық күшін жойды ҚР  Ауыл шаруашылығы министрінің 11.10.2012 № жылғы 17-03/513 Бұйрығына сәйкес
Келісілді:
 Қазақстан Республикасының
 Қоршаған ортаны қорғау министрі

 2004 жылғы 8 қаңтар
Келісілді:
 Қазақстан Республикасының
 Білім және ғылым министрі
Келісілді:
 Қазақстан Республикасының
 Кедендік бақылау
 агенттігінің төрағасы

 2004 жылғы 15 қаңтар
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 22 қарашадағы 1239  қаулысының  1 тармағының 4 тармақшасымен Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 28 желтоқсандағы N 1994  қаулысына  енгізілген өзгерістерге сәйкес және Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда жасау туралы конвенциядан туындайтын міндеттемелерді Қазақстан Республикасының орындауын қамтамасыз ету мақсатында бұйырамын: 
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрлігімен, Білім және ғылым министрлігімен және Кедендік бақылау агенттігімен келісілген Әкімшілік органның құрып кету қауіпі төнген жануарлар мен өсімдіктер түрлерін, олардың бөліктерін немесе туындыларын Қазақстан Республикасына әкелуге және одан тысқары жерлерге әкетуге рұқсат беру тәртібі туралы ереже бекітілсін. 
2. Бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман және аңшылық шаруашылығы комитетіне жүктелсін. 
3. Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді және жариялануға жатады.
Қазақстан Республикасы
 Ауыл шаруашылығы министрлігінің
 "Әкімшілік органның құрып кету
 қауіпі төнген жануарлар мен өсімдіктер
 түрлерін, олардың бөліктерін немесе
 туындыларын Қазақстан Республикасына
 әкелуге және одан тысқары жерлерге
 әкетуге рұқсат беру тәртібі туралы
 ережені бекіту туралы"
 2004 жылғы 27 қаңтардағы N 31
 бұйрығымен бекітілген
   Әкімшілік органның құрып кету қауіпі  
  төнген жануарлар мен өсімдіктер түрлерін,  
  олардың бөліктерін немесе туындыларын   
  Қазақстан Республикасына әкелуге және  
  одан тысқары жерлерге әкетуге рұқсат  
  беру тәртібі туралы  
  Ереже 
Әкімшілік органның құрып кету қауіпі төнген жануарлар мен өсімдіктер түрлерін, олардың бөліктерін немесе туындыларын Қазақстан Республикасына әкелуге және одан тысқары жерлерге әкетуге рұқсат беру тәртібі туралы ереже (бұдан әрі - Ереже) "Қазақстан Республикасының Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда жасау туралы конвенцияға қосылуы туралы" Қазақстан Республикасының  Заңына  және "Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна және  флора түрлерімен халықаралық сауда жасау туралы конвенциядан туындайтын міндеттерді Қазақстан Республикасының орындауын қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 28 желтоқсандағы 1994  қаулысына  сәйкес жасалды.
1. Осы Ереже Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда жасау туралы конвенция бойынша Қазақстан Республикасындағы Әкімшілік органның Конвенцияның (бұдан әрі - Конвенция) Қосымшаларына І; ІІ; ІІІ енгізілген жабайы жануарлар мен өсімдіктер түрлерін, олардың бөліктерін немесе туындыларын Қазақстан Республикасына әкелу, одан тысқары жерлерге әкету үшін қажет рұқсаттама құжаттарды беруінің бірыңғай тәртібін белгілейді.
2. Ереже барлық заңды және жеке тұлғалардың орындауына міндетті.
3. Ережеде мынадай анықтамалар көзделген: 
1) "Түр" - жабайы жануарлар мен өсімдіктердің кез-келген түрі, түрасты немесе оның жағрафиялық дараланған таралымы; 
Полная версия
ИС BestProfi