Айырым белгілері бар нысанды киiм (погонсыз) киiп жүруге құқығы бар жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласында мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын уәкiлеттi орган мен аумақтық бөлімшелердің лауазымды тұлғаларының, сондай-ақ жануарлар дүниесiн тiкелей қорғауды жүзеге асыратын мемлекеттiк мекемелер мен ұйымдар қызметкелерiнiң тiзбесiн бекiту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 желтоқсандағы N 1415 Қаулысы
Атауға өзгертілді ҚР Үкіметінің 14.06.2010 № 566 Қаулысымен. (29.12.2004 жылғы редакцияны қараңыз)
"Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шiлдедегi Заңының 8-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса берiлiп отырған Айырым белгілері бар нысанды киiм (погонсыз) киiп жүруге құқығы бар жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласында мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын уәкiлеттi орган мен аумақтық бөлімшелердің лауазымды тұлғаларының, сондай-ақ жануарлар дүниесiн тiкелей қорғауды жүзеге асыратын мемлекеттiк мекемелер мен ұйымдар қызметкерлерiнiң тiзбесi бекiтiлсiн.
1-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 14.06.2010 № 566 Қаулысымен. (29.12.2004 жылғы редакцияны қараңыз)