Близость слов: Окончание:





Документ показан в демонстрационном режиме!
Осы редакция 14.11.2008 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
Қазақстан Республикасында Жануарлар дүниесінің жекелеген түрлерін ерекше жағдайларда пайдалану тәртібі жөніндегі ережені бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы. 2000 жылғы 28 маусым N 969
"Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 22-бабына сәйкес және ителгілер мен жек дуадақтар тұқымының тұрақты жағдайын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасында Жануарлар дүниесінің жекелеген түрлерін ерекше жағдайларда пайдалану тәртібі жөніндегі ереже бекітілсін.
2. "Сирек кездесетін және жойылып кету қаупі бар қыран құстардың тұқымын сақтап қалу жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 21 тамыздағы N 1150 қаулысының  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1995 ж., N 28, 344-құжат) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
 2000 жылғы 28 маусымдағы
 N 969 қаулысымен
 бекiтiлген Қазақстан Республикасында Жануарлар дүниесiнiң
 жекелеген түрлерiн ерекше жағдайларда пайдалану
 тәртiбi жөнiндегi ереже
1. Осы Ереже Қазақстан Республикасының Қызыл кiтабына енгiзiлген ителгілер мен жек дуадақтарды (бұдан әрi - құстар) ерекше жағдайларда пайдаланудың жекелеген мәселелерi бойынша тиiстi мемлекеттiк реттеу мен бақылауды жүзеге асыру тәртiбiн белгілеу мақсатында қабылданды.
2. "Жануарлар дүниесiн қорғау өсiмiн молайту және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрi - Заң) 22-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi өсiмiн молайту, ғылыми және өзге де мақсаттарға бағытталған ерекше жағдайларда, арнаулы уәкiлетті орган ретiндегі Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті және ғылыми-зерттеу мекемесi ретiнде Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлігі Зоология институтының ұсынысымен (түсiндiрме жазба) құстарды табиғатта аулауға (алуға) байланысты әрбiр нақты жағдайға осындай рұқсаттың берiлуi туралы шешім қабылдайды.  
2-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 22.11.2002. № 1239 қаулысымен. (28.06.2000 жылғы редакцияны қараңыз)
3. Уәкiлетті органның Республика Үкiметiнiң тиiсті шешiмiнсiз не Республика Үкiметiнiң шешiмiнде аталмаған тұлғаларға құстарды аулауға, соның iшiнде сұңқарды аңға салуға рұқсат етуiне жол берiлмейдi. 
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешімiнде пайдаланудың мақсаттары мен негізгі шарттары, құстарды табиғатта мүмкіндiгінше аулауға рұқсат етілетiн мерзiмдер, заңды және/немесе жеке тұлғалардың, соның iшiнде шетелдiктердiң, құстар мен жойылып кету қатерi төнген өзге де жануарлар түрлерiн қорғау мен өсiмiн молайтуға салымының мөлшерлестiгін ескере отырып, сондай-ақ аулауға құқық алған субъектiлердiң тiзбесi, аталған iс-шараларды олардың одан әрi орындауы мiндеттi түрде айқындалады.
Полная версия
ИС BestProfi