Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 21.01.2015
Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы заңнаманы соттардың қолдануының кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2004 жылғы 26 қарашадағы N 18 Нормативтік қаулысы
Осы Нормативтік қаулы күшін жойды 2015 жылғы 21 қаңтардан бастап ҚР Жоғарғы Сотының 24.12.2014 жылғы № 3 Нормативтік қаулысына сәйкес
Редакция 29.06.2011 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнаманың кейбір нормаларын сот тәжірибесінде біркелкі қолдану мақсатында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысы қаулы етеді:
1. Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қараған кезде Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің (бұдан әрі - ӘҚБтК) 8-бабына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнаманың принциптерін сақтамау әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша жүргізілген істі оның сипаты мен мәніне қарай жарамсыз деп тануға, осындай іс жүргізудің барысында шығарылған шешімдердің күшін жоюға не осы орайда жиналған материалдардың дәлелдемелік күшін жоқ деп тануға әкеп соғатынын назарда ұстаған жөн.
#$1-тармақтағы өзгерістің қазақ тіліндегі мәтінге қатысы жоқ - ҚР Жоғарғы Сотының 29.06.2011 № 2 Нормативтік қаулысымен.(ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Тұрақты, уақытша немесе арнаулы өкілеттік бойынша билік өкілінің функцияларын жүзеге асыратын, заңда белгіленген тәртіппен мемлекет атынан немесе оның органдарының атынан заңдық маңызы бар актілер шығару құқығы немесе билік ету өкілеттігі берілген не мемлекеттік органдарда, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, Қазақстан Республикасының басқа әскерлері мен әскери құрылымдарында ұйымдық-билік ету немесе әкімшілік-шаруашылық қызметтерді атқаратын адамдарды лауазымды адамдар қатарына жатқызу керек. 
Заңды тұлға құрмаған жеке кәсiпкерлер, жеке нотариустар, жеке сот орындаушылар, адвокаттар, заңды тұлғаның басшылары, сол сияқты жеке кәсiпкердiң және заңды тұлғаның ұйымдық-билiк ету немесе әкiмшiлiк-шаруашылық қызметтерді орындайтын жұмыскерлерi аталған қызметтерді атқаруға байланысты әкімшілік құқық бұзушылық жасаған жағдайда лауазымды адамдар ретiнде әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылады. Заңды тұлғаның басшысы деп заңды тұлғаның жеке-дара немесе алқалық атқарушы органына енетін адамды түсіну керек. 
Егер әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін ӘҚБтК-нің ерекше бөлігімен лауазымды адамның, сондай-ақ заңды тұлғаның жауапкершілігі көзделсе, соңғының жауапкершілігі, егер әрекетті заңды тұлғаны басқару функциясын жүзеге асыратын орган немесе адам жасаған, санкция берген, мақұлдаған жағдайда ғана туындайды (ӘҚБтК-нің 36-бабының екінші бөлігі). 
Лауазымды адамдар жасаған әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қараған кезде жауаптылыққа тартылған адамдардың қызметтік өкілеттігін реттейтін құрылтайшылық құжаттардың, бұйрықтардың және өзге де актілердің ережелерін әрбір нақты жағдайда ескеріп отырған жөн.
2-тармақ өзгертілді ҚР Жоғарғы Сотының 16.07.2007. № 7, 29 (16.01.2006 жылғы редакцияны қараңыз)(ресми жарияланған күннен бастап күшіне енеді).06.2011 № 2 нормативтік қаулыларымен.(ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі)
3. Жеке кәсіпкердің немесе заңды тұлғаның қызметін тоқтата тұру не оған тыйым салу негізгі, сондай-ақ қосымша әкімшілік жаза шарасы ретінде (ӘҚБтК-нің 46-бабының екінші бөлігі) қолданылуы мүмкін. 
ӘҚБтК-нің ерекше бөлімінің тиісті бабының санкциясы осындай жазалау шарасын көздеген жағдайда іс әкімшілік сот ісін жүргізу тәртібімен қаралуға жатады. 
Егер соттың белгілеген мерзімінде қажетті әрекеттерді (шараларды) жүзеге асыру - қызметті тоқтата тұру арқылы құқық бұзушылық жойылса немесе құқық бұзушылық белгіленген мерзімде жойылмаса не қызметіне тыйым салу түрінде оны жою мүмкін болмаса, көрсетілген әкімшілік жазалау шараларын қолдануға болады. 
Жеке кәсіпкердің немесе заңды тұлғаның қызметін тоқтата тұрудың (ӘҚБтК-нің 53-бабының үшінші бөлігі) нақты мерзімін көрсету міндетті болып табылады. 
Егер ӘҚБтК-нің ерекше бөлім баптарының санкциясы көрсетілген жазалау шарасын көздемесе жеке кәсіпкердің немесе заңды тұлғаның қызметін тоқтата тұру не оған тыйым салу туралы мәселе соттың істі талап қою өндірісінің тәртібімен қарауына жатады. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарауға уәкілетті органның (лауазымды адамның) тиісті талап арызын сот барлық мүдделі адамдардың қатысуымен он күндік мерзім ішінде қарайды (ӘҚБтК-нің 53-бабының екінші бөлігі). Осы орайда тиісті орган (лауазымды адам) талап арызға кінәлі адамға қатысты жазылған әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманы, соттың шешуіне жататын қызметті тоқтата тұру не оған тыйым салу мәселесі туралы немесе әкімшілік жауапқа тарту жағдайындағы қаулыны талап арызға қоса тіркеуге міндетті.
4. ӘҚБтК-нің 60-бабының алтыншы бөлігінің талабы бойынша бір әкімшілік құқық бұзушылық үшін бір негізгі немесе негізгі және қосымша әкімшілік жаза (қосымша әкімшілік жазалар) қолданылуы мүмкін. Осы себепті адам әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін жауаптылықтан босатылатын болса, онда ол негізгі жазадан, сондай-ақ қосымша жазадан (жазалардан) босатылуға жататынын соттардың ескерулері қажет. 
Егер ӘҚБтК ерекше бөлімі бабының санкциясымен негiзгi және қосымша әкiмшiлiк жазаларды қолдану қарастырылса, уәкiлеттi орган (лауазымды адам), сот негiзгi және қосымша әкiмшiлiк жазаларды соңғысының іс жүзінде орындалу-орындалмауына қарамастан қолдануға міндетті.
ӘҚБтК-нің 46-бабының екінші бөлігіне сәйкес, шетел азаматтарын немесе азаматтығы жоқ адамдарды Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге әкімшілік жолмен кетіруді тек әкімшілік қамау түрінде негізгі әкімшілік жазамен қатар ӘҚБтК-нің 391-1-бабының үшінші бөлігі, 394-бабының екінші бөлігі бойынша қосымша әкімшілік жаза ретінде қолдануға жол беріледі.
4-тармақ өзгертілді ҚР Жоғарғы Сотының 16.07.2007. № 7, 29 (16.01.2006 жылғы редакцияны қараңыз)(ресми жарияланған күннен бастап күшіне енеді).06.2011 № 2 нормативтік қаулыларымен.(ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі)
5. Егер адам бірінші рет әкімшілік құқық бұзушылық жасаса, келтірілген материалдық залалды істі қарағанға дейін өз еркімен өтесе немесе мүліктік емес сипатта келтірілген зиянның орнын өзгедей жолмен толтырса (кешірім өтінсе, моральдық зиянды өтесе, жәбірленушімен татуласу үшін өзге де әрекеттерді және т.б. жасаса), жасаған әрекетіне өкініш білдіруіне байланысты (ӘҚБтК-нің 67-бабы ) әкімшілік жауапкершіліктен босатылуы мүмкін.
6. Әкімшілік құқық бұзушылықтың формальды белгілері бар, алайда зиянның мөлшерінің аздығына байланысты қоғамға қауіп тудырмайтын әрекетті аз мөлшерлі құқық бұзушылық деп түсіну керек. 
Материалдық залал келтірген құқық бұзушылықты жасаған адамды ӘҚБтК-нің 68-бабының негізінде әкімшілік жазадан босату туралы мәселені шеше отырып, осы залал мөлшерінің ӘҚБтК-нің ерекше бөлігінің баптарында көзделген санкция мөлшерінен кем болуға тиіс екенін ескеру қажет. 
Мүліктік емес сипатта зиян келтірген құқық бұзушылықты жасаған адамды жоғарыда көрсетілген негіздер бойынша әкімшілік жазадан босату туралы мәселені шешу кезінде қол сұғылған объектіні, құқық бұзушылықты жасаудың нақтылы мән-жайы назарға алынуға тиіс. 
Полная версия
ИС BestProfi