Близость слов: Окончание:





Документ показан в демонстрационном режиме!
Осы редакция 07.10.2002 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
Мемлекеттік астық ресурстарын қалыптастыру, сақтау және пайдалану ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 28 наурыздағы N 394 қаулысы
"Астық туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 19 қаңтардағы Заңын іске асыру және мемлекеттік астық ресурстарын мемлекеттік басқаруды тәртіпке келтіру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік астық ресурстарын қалыптастыру, сақтау және пайдалану ережесі бекітілсін.
2. "Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы" жабық акционерлік қоғамы мемлекеттік астық ресурстарын басқару жөніндегі агент болып анықталсын.
3. "Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 16 қарашадағы N 1731 қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 51, 498-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін: 
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі туралы ережеде:     9-тармақ мынадай мазмұндағы 10-1)-тармақшамен толықтырылсын:     "10-1) өз құзыретінің шегінде мемлекеттік астық ресурстарын басқаруды жүзеге асырады;".
4. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылған деп танылсын. 
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.    
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
 2001 жылғы 28 наурыздағы
 N 394 қаулысымен
 бекiтiлген
Мемлекеттiк астық ресурстарын қалыптастыру, сақтау және пайдалану ережесi
1. Осы Ереже мемлекеттiк азық-түлiктiк астық резервiн, мемлекеттiк жемдiк астық ресурстарын мемлекеттiк тұқымдық астық ресурстарын қалыптастырудың, сақтаудың, жаңартудың және пайдаланудың, сондай-ақ мемлекеттiк сатылатын астық ресурстарын қалыптастырудың, сақтаудың және сатудың тәртiбiн реттейдi. 
2. Мемлекеттiк ресурстардың астығы мемлекеттiк (республикалық) меншiк болып табылады. 
3. Мемлекеттiк азық-түлiктiк астық резервi азық-түлiктiк астықтың мемлекеттiк запасы болып табылады және: 
1) Қазақстан Республикасының жұмылдыру қажеттерiн; 
2) Қазақстан Республикасының азық-түлiктiк қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге арналған. 
4. Мемлекеттiк жемдiк астық ресурстары жемдiк астықтың мемлекеттiк запасы болып табылады және мал шаруашылығы мен құс шаруашылығының негiзге алынған көлем шегiнде азық жөнiндегi қажеттерiн қамтамасыз етуге арналған. 
Полная версия
ИС BestProfi