Близость слов: Окончание:





Документ показан в демонстрационном режиме!
Осы редакция 27.08.2008 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
Мемлекеттiк астық ресурстарын қалыптастыру, сақтау, жаңарту, орнын ауыстыру және пайдалану ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 28 наурыздағы N 394 қаулысы
#$Тақырыбы ҚР Үкіметінің 24.05.2005. № 503 қаулысының редакциясында.
"Астық туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 19 қаңтардағы Заңын іске асыру және мемлекеттік астық ресурстарын мемлекеттік басқаруды тәртіпке келтіру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттiк астық ресурстарын қалыптастыру, сақтау, жаңарту, орнын ауыстыру және пайдалану ережесі бекітілсін. 
1-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 24.05.2005. № 503 қаулысымен. (07.10.2002 жылғы редакцияны қараңыз)
2. "Азық-түлiк келiсiм-шарт корпорациясы" акционерлiк қоғамы: 
1) мемлекеттік астық ресурстарын басқару жөнiндегі агент; 
2) сатып алудың стратегиялық мәнi бар астықты мемлекеттiк ресурстарға мемлекеттiк сатып алу жөнiндегi қызметтердi, мемлекеттiк астық ресурстарын сақтау және орнын ауыстыру жөнiндегі қызметтердi берушi болып белгiленсiн. 
2-тармақ жаңа редакцияда ҚР Үкіметінің 24.05.2005. № 503 қаулысымен. (07.10.2002 жылғы редакцияны қараңыз)
3.  Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
3-тармақтың күшін жойды ҚР Үкіметінің 07.10.2002. № 1096 қаулысымен. (08.11.2001 жылғы редакцияны қараңыз)
4. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылған деп танылсын. 
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.     
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
 2001 жылғы 28 наурыздағы
 N 394 қаулысымен
 бекiтiлген
Мемлекеттiк астық ресурстарын қалыптастыру, сақтау, жаңарту, орнын ауыстыру және пайдалану ережесi
Ереже жаңа редакцияда ҚР Үкіметінің 24.05.2005. № 503 қаулысымен. (07.10.2002 жылғы редакцияны қараңыз)
1. Осы Ереже мемлекеттiк азық-түлiктiк астық резервiн, мемлекеттік жемдiк астық ресурстарын және мемлекеттiк тұқым ресурстарын қалыптастыру, сақтау, жаңарту, орнын ауыстыру және пайдалану, сондай-ақ мемлекеттiк сатылатын астық ресурстарын қалыптастыру, сақтау және сату тәртiбiн реттейдi.
2. Мемлекеттiк pecуpc астығы мемлекеттік (республикалық) меншiк болып табылады.
3. Мемлекеттiк астық ресурстарын басқару жөнiндегi агент (бұдан әрi - агент) өзiне жүктелген функцияларды Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген құзыретi шегiнде, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгімен (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) жасалған шарт негiзiнде және осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. Агент мемлекеттік астық ресурстарын басқаруға байланысты қызметтiң нәтижелерi бойынша уәкiлеттi органға және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгіне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртiппен есеп бередi.
5. Мемлекеттік астық ресурстарын қалыптастыруды осы Ережеде белгіленген тәртiппен, Қазақстан Республикасының Yкiметі бекiткен көлемдi құру және оған жеткiзу мақсатында агент жүзеге асырады.
Полная версия
ИС BestProfi