Мемлекеттiк астық ресурстарын қалыптастыру, сақтау, жаңарту, орнын ауыстыру және пайдалану ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 28 наурыздағы N 394 қаулысы
#$Тақырыбы ҚР Үкіметінің 24.05.2005. № 503 қаулысының редакциясында.
"Астық туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 19 қаңтардағы Заңын іске асыру және мемлекеттік астық ресурстарын мемлекеттік басқаруды тәртіпке келтіру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
2. "Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы мемлекеттік астық ресурстарын басқару жөніндегі агент болып белгіленсін.
2-тармақ жаңа редакцияда ҚР Үкіметінің ҚР Үкіметінің 27.08.2008 № 776 Қаулыcымен. (24.05.2005 жылғы редакцияны қараңыз)
1. Осы Ереже мемлекеттiк азық-түлiктiк астық резервiн, мемлекеттік жемдiк астық ресурстарын және мемлекеттiк тұқым ресурстарын қалыптастыру, сақтау, жаңарту, орнын ауыстыру және пайдалану, сондай-ақ мемлекеттiк сатылатын астық ресурстарын қалыптастыру, сақтау және сату тәртiбiн реттейдi.
3. Мемлекеттiк астық ресурстарын басқару жөнiндегi агент (бұдан әрi - агент) өзiне жүктелген функцияларды Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген құзыретi шегiнде, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгімен (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) жасалған шарт негiзiнде және осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. Агент мемлекеттік астық ресурстарын басқаруға байланысты қызметтiң нәтижелерi бойынша уәкiлеттi органға және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгіне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртiппен есеп бередi.
5. Мемлекеттік астық ресурстарын қалыптастыруды осы Ережеде белгіленген тәртiппен, Қазақстан Республикасының Yкiметі бекiткен көлемдi құру және оған жеткiзу мақсатында агент жүзеге асырады.
6. Мемлекеттік астық ресурстарын жаңартуды осы Ережеде белгiленген тәртiппен мемлекеттiк астық ресурстарын бекiтiлген көлемге дейiн толтыру және қажеттi сапада ұстап отыру мақсатында агент жүзеге асырады.
7. Мемлекеттік астық ресурстарына астықты мемлекеттік сатып алу, сондай-ақ мемлекеттік астық ресурстарын сақтау және орнын ауыстыру жөніндегі қызметтерді мемлекеттік сатып алуды агент Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына, "Астық туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 19 қаңтардағы Заңына, осы Ережеге, уәкілетті органмен жасалған шартқа сәйкес жүзеге асырады.