Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 05.03.1999
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 12 қарашадағы N 1551 және 1997 жылғы 19 қарашадағы N 1608 қаулыларына өзгерiстер енгiзу туралы
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1998 жылғы 25 ақпан N 144. Күшi жойылды - ҚРҮ-нiң 1999.03.05. N 206 қаулысымен. 
Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн: 
"Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1997 жылғы 10 қазандағы N 3655 Жарлығын жүзеге асыру мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 12 қарашадағы N 1551  қаулысында: 
көрсетiлген қаулының 2-қосымшасындағы "Ауылшарминi" деген жолдағы "210" деген сан "211" деген санмен ауыстырылсын; 
көрсетiлген қаулының 3 қосымшасындағы "Ауылшарминi" деген жолдағы "7" деген сан "8" деген санмен ауыстырылсын; 
"Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы
19 қарашадағы N 1608  

 
  қаулысында (Қазақстан Республикасының 
ПҮАЖ-ы, 1997 ж., N 50, 464-бап):
     3-тармақтағы "екi" деген сөз "үш" деген сөзбен ауыстырылсын, "9"
деген сан "10" деген санмен ауыстырылсын;
     4-тармақтағы "7" деген сан "8" деген санмен ауыстырылсын.
     Қазақстан Республикасының
          Премьер-Министрi
      
      
Полная версия
ИС BestProfi