1. Қоса беріліп отырған Денсаулық сақтау ұйымдарының шығындарын бюджет қаражатының есебінен өтеу ережесі бекітілсін.
Документ показан в демонстрационном режиме!
Осы редакция 21.01.2013 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
Денсаулық сақтау ұйымдарының шығындарын бюджет қаражатының есебінен өтеу ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 7 желтоқсандағы N 2030 Қаулысы
"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
2. "Бюджет қаражатының есебінен ұсталатын медицина ұйымдарының шығындарын өтеу және денсаулық сақтау ұйымдарында ақылы қызметтер көрсету ережелері мен мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдары жүзеге асыратын ақылы қызметтерден түскен қаражатты пайдалану тәртібін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 6 қазандағы N 965 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., N 37, 410-құжат) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 7 желтоқсандағы N 2030 қаулысымен бекітілген
Денсаулық сақтау ұйымдарының шығындарын бюджет қаражатының есебінен өтеу ережесі
Ереже жаңа редакцияда ҚР Үкіметінің 30.12.2011 № 1702 (03.10.2011 жылғы редакцияны қараңыз) Қаулысымен.(01.01.2012 бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Жалпы ережелер
1. Осы Денсаулық сақтау ұйымдарының шығындарын бюджет қаражатының есебінен өтеу ережесі (бұдан әрі – Ереже) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексіне сәйкес әзірленген және тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін (бұдан әрі – ТМККК) көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының шығындарын бюджет қаражатының есебінен өтеу тәртібін айқындайды.
2. Осы Ережеде пайдаланылатын негізгі ұғымдар:
1) амбулаториялық-емханалық көмектің жан басына шыққандағы кешенді тарифі – пилотты іске асыру шеңберінде және бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі бекіткен қаражат шегінде облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органдарымен келісім бойынша денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган айқындаған денсаулық сақтау ұйымдарындағы бастапқы медициналық-санитариялық көмек пен консультациялық-диагностикалық көмек тарифін қамтитын, медициналық қызметтер кешенінің бір тұрғынға шыққандағы есеппен құны;
2) базалық тариф – медициналық көмек көрсету нысанына қарай медициналық қызмет бірлігінің құны;
3) бастапқы медициналық-санитариялық көмек тарифіне қосымша құрауыш – бастапқы медициналық-санитариялық көмек ұйымы көрсететін медициналық көмек сапасының нәтижелерін ескеретін, бастапқы медициналық-санитариялық көмек тарифіне ынталандыратын құрамдас бөлік;
4) бір онкологиялық науқасқа арналған кешенді тариф – онкологиялық тіркелімде тіркелген, медициналық қызметтер кешенінің бір онкологиялық науқасқа шаққандағы есеппен құны;
5) емделіп шығу жағдайы – стационарда және стационарды алмастыратын жағдайларда пациентке түскен сәттен бастап шыққанға дейін көрсетілген медициналық қызметтер кешені;
6) жан басына шыққандағы норматив – денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган айқындайтын, медициналық қызметтің нақты көлемімен қамтамасыз ету үшін бір адамға есептегендегі шығындар нормасы;
7) жасы-жынысы бойынша түзету коэффиценті – халықтың әртүрлі жыныс-жас санаттарының медициналық көмекті тұтыну деңгейіндегі айырмашылық ескерілетін коэффицент, оны есептеу тәртібін денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган айқындайды;
Полная версия