Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Внимание! Документ утратил силу с 23.11.2015
Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету бойынша медициналық қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және жүргізу ережесін бекіту туралы" 2009 жылғы 19 қарашадағы № 1888 және "Денсаулық сақтау ұйымдарының шығындарын бюджет қаражатының есебінен өтеу ережесін бекіту туралы" 2009 жылғы 7 желтоқсандағы № 2030 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 3 қазандағы № 1131 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 23 қарашадан бастап ҚР Үкіметінің 29.10.2015 жылғы № 862 Қаулысына сәйкес
Редакция 25.10.2012 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Күші жойылды ҚР Үкіметінің 25.10.2012 № 1358 Қаулысымен (03.10.2011 жылғы редакцияны қараңыз).(алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс)
2) «Денсаулық сақтау ұйымдарының шығындарын бюджет қаражатының есебінен өтеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 7 желтоқсандағы № 2030 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 57, 495-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Денсаулық сақтау ұйымдарының шығындарын бюджет қаражаты есебінен өтеу ережесінде:
«3. Денсаулық сақтау ұйымдарына күрделі шығыстарды (денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган айқындайтын денсаулық сақтау ұйымдарына берілетін (бұдан әрі – лизинг бойынша пилоттық денсаулық сақтау ұйымдары) қаржылық лизинг шартымен медициналық техниканы сатып алуға арналған шығыстардан басқа) қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған денсаулық сақтау ұйымдарының тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету жөніндегі қызметіне байланысты шығындардың барлық түрлері өтеледі.
Өтем клиникалық-шығынды топтар бойынша пилот шеңберінде жүзеге асырылатын денсаулық сақтау ұйымдарын (бұдан әрі – КШТ бойынша пилоттық ұйымдар) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекітеді.»;
сегізінші абзацтағы «бөлік.» деген сөз «бөлік;» деген сөзбен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:
«клиникалық-шығынды топтар (бұдан әрі – КШТ) – тізбесін денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекітетін, емдеуге арналған шығындар бойынша ұқсас аурулардың клиникалық біркелкі топтары;
КШТ бойынша шығынды сыйымдылығы коэффициенті – барлық топтар бойынша аурулардың бір тобы шығындарының орта шығындарға арақатынасы, оны денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілейді.»;
«16. Барлық жоспарланатын медициналық қызметтер бойынша шығын сыйымдылығының орташа коэффициенті және жоспарланатын емделген жағдайлардың шығын сыйымдылығының орташа коэффициенті денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен әдістемеге сәйкес айқындалады.
17. Бір емделіп шығу жағдайы үшін шығындарды өтеу бойынша қаржыландыру көлемі денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен тарифтер бойынша КШТ бойынша пилоттық ұйымдарды қоспағанда, стационарлық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының медициналық көмек көрсетуіне шығыстарды төлеу жолымен осы Ережеге 5-қосымшаға сәйкес формула бойынша айқындалады.»;
мынадай мазмұндағы 20-2, 20-3-тармақтармен толықтырылсын:
«20-2. КШТ бойынша пилоттық ұйымдар үшін стационарды алмастыратын көмек көрсету кезінде КШТ бойынша бір емделіп шығу жағдайының құны стационарлық көмек көрсету кезіндегі КШТ бойынша бір емделіп шығу жағдайы құнының 1/4-ін құрайды.
Полная версия