Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Внимание! Документ утратил силу с 23.11.2015
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 7 желтоқсандағы № 2030 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 7 маусымдағы № 530 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 23 қарашадан бастап ҚР Үкіметінің 29.10.2015 жылғы № 862 Қаулысына сәйкес
1. «Денсаулық сақтау ұйымдарының шығындарын бюджет қаражатының есебінен өтеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 7 желтоқсандағы № 2030 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 57, 495-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Денсаулық сақтау ұйымдарының шығындарын бюджет қаражатының есебінен өтеу ережесінде:
1-бөлімнің 8-тармағындағы «20-тармағында» деген сөздер «20, 20-1-тармақтарында» деген сөздермен ауыстырылсын;
«15. Консультациялық-диагностикалық көмек көрсету үшін базалық тарифті бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі кезекті жоспарланатын кезеңге тиісті бюджеттердің көзделген қаражатын консультациялық-диагностикалық көмекке, медициналық қызметтер көрсетудің жоспарланатын санына бөлу жолымен осы Ережеге 4-қосымшаға сәйкес формула бойынша айқындайды»;
20-тармақтағы «стационарды алмастыратын медициналық көмектің түрлерін» деген сөздер «үйде стационарды алмастыратын көмек» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 20-1-тармақпен толықтырылсын:
«20-1. Бір емделіп шығу жағдайы үшін қаржыландыру көлемі денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен тарифтер бойынша бір күннің ішінде ұзақтығы төрт сағаттан сегіз сағатқа дейін медициналық бақылау жасалатын күндізгі стационардағы денсаулық сақтау ұйымдарының медициналық көмек көрсетуіне шығыстарды төлеу жолымен осы Ережеге 7-қосымшаға сәйкес формула бойынша айқындалады»;
Денсаулық сақтау ұйымдарының шығындарын бюджет қаражатының есебінен өтеу ережесіне 4-қосымшада:
төртінші абзацтағы «облыстардың, республикалық маңызды қаланың және астананың бюджеттерінің» деген сөздер алынып тасталсын, «қаражаты» деген сөз «қаражат» деген сөзбен ауыстырылсын;
Денсаулық сақтау ұйымдарының шығындарын бюджет қаражатының есебінен өтеу ережесіне 5-қосымшада:
бірінші және екінші абзацтардағы «Т» деген әріп «Тст» деген аббревиатурамен ауыстырылсын;
Денсаулық сақтау ұйымдарының шығындарын бюджет қаражатының есебінен өтеу ережесіне 6-қосымшада:
тақырыбындағы «Стационарды» деген сөз «Үйде стационарды» деген сөздермен ауыстырылсын;
бірінші абзацтағы «Т» деген әріп «Тү» деген аббревиатурамен ауыстырылсын;
екінші абзацта:
«Т» деген әріп «Тү» деген аббревиатурамен ауыстырылсын;
«стационарды» деген сөздің алдынан «үйде» деген сөзбен толықтырылсын;
осы қаулыға қосымшаға сәйкес «Күндізгі стационар тарифін айқындау формуласы» деген 7-қосымшамен толықтырылсын.
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 7 маусымдағы № 530 қаулысына қосымша
Денсаулық сақтау ұйымдарының шығындарын бюджет қаражаты есебінен өтеу ережесіне 7-қосымша
Күндізгі стационар тарифін айқындау формуласы
Тк.ст. = МШ+МЕШ, мұнда:
Тк.ст. - күндізгі стационардың тарифі;
МШ - медициналық шығыстар, олар денсаулық сақтау ұйымдары қызметкерлерінің еңбекақысын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес қосымша ақшалай төлемдерді, Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сәйкес әлеуметтік аударымдарды, пациенттер үшін дәрілік заттарды және медициналық мақсаттағы бұйымдар мен шығыс материалдарын сатып алуды қамтиды.
Денсаулық сақтау ұйымдары қызметкерлерінің еңбекақысы «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1400 қаулысына сәйкес айқындалады.
Қосымша ақшалай төлемдер Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес азаматтық қызметшілердің жыл сайынғы еңбек демалысына лауазымдық жалақы мөлшерінде сауықтыруға берілетін жәрдемақы телеуді қамтиды.
Әлеуметтік аударымдар Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сәйкес әлеуметтік салықты және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына аударымдарды төлеуді қамтиды.
Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және шығыс материалдарын сатып алу денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекітетін дәрілік формулярларға сәйкес айқындалады.
МЕШ - медициналық емес шығыстар, олар коммуналдық және басқа шығыстарды: жылу, электр энергиясы, ыстық және суық су, медицина қызметкерлерінің біліктілігін арттыруға арналған шығындарды, банк қызметтеріне, байланыс қызметтеріне ақы төлеуді, кеңсе тауарларын сатып алуды, іссапар шығыстарын, ағымдағы жөндеуді, стационарды орналастыру үшін үй-жайларды жалға алуды, шаруашылық тауарларын, жұмсақ мүкәммалды және басқа да қызметтерді сатып алуды қамтиды.
Полная версия