Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 23.11.2015
"Денсаулық сақтау ұйымдарының шығындарын бюджет қаражатының есебінен өтеу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 7 желтоқсандағы № 2030 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 қаңтардағы № 14 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 23 қарашадан бастап ҚР Үкіметінің 29.10.2015 жылғы № 862 Қаулысына сәйкес
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 «Денсаулық сақтау ұйымдарының шығындарын бюджет қаражатының есебінен өтеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 7 желтоқсандағы № 2030 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 57, 495-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Денсаулық сақтау ұйымдарының шығындарын бюджет қаражатының есебінен өтеу ережесі осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі                                 С  Ахметов
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2013 жылғы 21 қаңтардағы
 № 14 қаулысына
 қосымша
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2009 жылғы 7 желтоқсандағы
 № 2030 қаулысымен
 бекітілген
Денсаулық сақтау ұйымдарының шығындарын бюджет қаражатының есебінен өтеу қағидалары
1. Осы Денсаулық сақтау ұйымдарының шығындарын бюджет қаражатының есебінен өтеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Кодексі 6-бабының 15) тармақшасына сәйкес әзірленді және мемлекеттік мекемелерді қоспағанда, бюджет қаражатының есебінен тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының (бұдан әрі – ТМККК көрсететін ұйымдар) шығындарын өтеу тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:
1) жан басына шаққандағы кешенді тариф – денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган айқындайтын медициналық көмек нысандарының тізбесі бойынша тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемімен (бұдан әрі – ТМККК) қамтамасыз ету үшін бір адамға шыққандағы медициналық қызметтер кешенінің құны;
2) консультациялық-диагностикалық көмектің базалық тарифі – консультациялық-диагностикалық көмек нысанында көрсетілетін медициналық қызмет бірлігінің құны;
3) медициналық-санитариялық алғашқы көмек тарифіне қосымша құрауыш – медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұйымының қызметінде қол жеткізілген түпкілікті нәтижелер үшін медициналық-санитариялық алғашқы көмек тарифіне ынталандыратын құрамдас бөлік;
4) бір онкологиялық науқасқа арналған кешенді тариф - (лимфомамен ауыратын науқастардан басқа) онкогематологиялық науқастарды қоспағанда, онкологиялық тіркелімде тіркелген, медициналық қызметтер кешенінің бір онкологиялық науқасқа шаққандағы құны;
5) емделіп шығу жағдайы – стационарда және стационарды алмастыратын жағдайларда пациентке түскен сәтінен бастап шыққанға дейін көрсетілген медициналық қызметтер кешені;
6) медициналық-санитариялық алғашқы көмектің жан басына шыққандағы нормативі – әлеуметтік және психологиялық қызметтерді қосқанда, медициналық-санитариялық алғашқы көмек нысанында ТМККК-мен қамтамасыз ету үшін бір адамға есептегендегі шығындар нормасы;
7) жынысы-жасы бойынша түзету коэффиценті – халықтың әртүрлі жыныс-жас санаттарының медициналық көмекті тұтыну деңгейіндегі айырмашылығы ескерілетін коэффицент;
8) клиникалық-шығынды топтар (бұдан әрі – КШТ) – емдеуге арналған шығындар бойынша ұқсас аурулардың клиникалық біркелкі топтары;
Полная версия
ИС BestProfi