Близость слов: Окончание:





Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне бағалы қағаздар нарығы мәселелері бойынша толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009 жылғы 29 сәуірдегі N 89 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2009 жылғы 10 маусымда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5701 болып енгізілді
Редакция 29.04.2016 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Мемлекеттік емес облигациялардың шығарылымын мемлекеттік тіркеу және облигацияларды орналастыру және өтеу тәртібін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің Басқармасы (бұдан әрі – Агенттік) ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:  
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне бағалы қағаздар нарығы мәселелері бойынша толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін. 
2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енеді. 
3. Лицензиялау департаменті (Н.Қ. Қасқаманова): 
1) Заң департаментiмен (Н.В. Сәрсенова) бірлесіп, осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеу шараларын қолға алсын; 
2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткен күннен бастап он күндiк мерзiмде оны Агенттiктiң мүдделi бөлiмшелерiне, "Қазақстан қаржыгерлерiнiң қауымдастығы" заңды тұлғалар бiрлестiгiне жіберсін. 
4. Агенттік Төрайымының қызметі (А.Ә. Кенже) Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында осы қаулыны жариялау шараларын қолға алсын. 
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрайымның орынбасары А.Ө. Алдамбергенге жүктелсін.
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын
 және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау
 агенттігі Басқармасының 2009 жылғы
 27 сәуірдегі N 89 қаулысына қосымша
Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне бағалы қағаздар нарығының мәселелері бойынша енгізілетін толықтырулар мен өзгерістердің тізбесі 
Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерге бағалы қағаздар нарығының мәселелері бойынша мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін: 
1. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
1-тармақ күшін жойды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.02.2012 № 88 Қаулысымен (29.04.2009 жылғы редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс)
2. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар рыногында төлем агентінің қызметін жүзеге асыру ережесін бекіту туралы" 2003 жылғы 2 желтоқсандағы N 409 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2632 тіркелген) Агенттік Басқармасының "Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне сәйкестендіру нөмірлері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2007 жылғы 28 мамырдағы N 155 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4803 тіркелген, 2007 жылғы шілде - тамызда Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілері жинағында жарияланған) енгізілген өзгерістер мен толықтырулармен бірге мынадай толықтыру: 
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар рыногында төлем агентінің қызметін жүзеге асыру ережесінде: 
мынадай мазмұндағы 7-1-тармақпен толықтырылсын: 
"7-1. Төлем агенті эмитент сыйақыны және (немесе) облигациялардың номиналды құнын төлеу бойынша міндеттемелерін орындамаған немесе тиісінше орындамаған, сондай-ақ шектеулерді (ковенант) бұзған фактілер туралы ақпаратты алған күннен бастап бір жұмыс күннен кешіктірмей, төлем агенті эмитентпен жасалған шарт бойынша өзінің функцияларын жүзеге асыру және өзінің құқықтарын іске асыру аясында қолданған шараларды көрсете отырып, уәкілетті органды және облигация ұстаушыларды хабардар етеді."; 
3. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
3-тармақ күшін жойды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.02.2016 жылғы № 76 Қаулысымен (24.02.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 16.05.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
4. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
4-тармақ күшін жойды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.04.2016 жылғы № 115 Қаулысымен (29.02.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 08.07.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
Қазақстан Республикасының кейбір
 нормативтік құқықтық актілеріне
 бағалы қағаздар нарығының мәселелері
 бойынша енгізілетін толықтырулар
 мен өзгерістердің тізбесіне қосымша
Қосымша күшін жойды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.04.2016 жылғы № 115 Қаулысымен (29.02.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 08.07.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
Полная версия
ИС BestProfi