Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 30.06.2015
Мемлекеттік экологиялық сараптамасын жүргізу ережелерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2007 жылғы 28 маусымдағы N 207-ө Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2007 жылғы 1 тамызда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4844 болып енгізілді.
Осы Бұйрық күшін жойды 2015 жылғы 30 маусымнан бастап ҚР Энергетика министрінің 16.02.2015 жылғы № 100 Бұйрығына сәйкес
Редакция 03.09.2013 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 17-бабының 28) тармақшасына және 49-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қосымша берілген Мемлекеттік экологиялық сараптамасын жүргізу ережелері бекітілсін.
2. Экологиялық реттеу департаменті осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің құрылымдық және аумақтық бөлімшелерінің мәліметіне жеткізілсін.
3. Экологиялық реттеу департаменті осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілуін және белгіленген  заңнамалық тәртіпте оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
"КЕЛІСІЛДІ" 
      
Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын 
басқару агенттігінің төрағасы 
2007 жылғы»6 шілде
Қазақстан Республикасы 
Денсаулық сақтау Министрі 
2007 жылғы 10 шілде
Қазақстан Республикасы 
Ауыл шаруашылығы Министрі 
2007 жылғы 9 шілде
Қазақстан Республикасы 
Энергетика және минералдық 
ресурстар Министрі 
2007 жылғы»18 шілде
Қазақстан Республикасы
Қоршаған ортаны қорғау
министрінің 2007 жылғы
28 маусымдағы N 207-ө
бұйрығымен бекітілген
Барлық мәтін бойынша "ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігі (09.10.2007 жылғы редакцияны қараңыз)(бұдан әрі – Министрлік)" сөздер "ҚР қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган " сөздермен ауыстырылды, "Министрліктің", "Министрлікте", "аумақтық органдардың", "аумақтық органдармен", "аумақтық органдар", "аумақтық органның", сөздер "уәкілетті органның", "уәкілетті органда", "аумақтық бөлімшелердің", "аумақтық бөлімшелермен", "аумақтық бөлімшелер", "аумақтық бөлімшенің" сөздермен ауыстырылды ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрінің 26.10.2009 № 228-ө Бұйрығымен.(бұдан әрі – уәкілетті орган)
Мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізу ережесі
1. Мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізу ережесі (бұдан    әрі - Ереже) Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің (бұдан әрі - Кодекс)  17-бабының 28) тармақшасына және  49-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді.
2. Ереже Қазақстан Республикасы қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) мемлекеттік экологиялық сараптама органдарының, оның аумақтық бөлімшелері мен мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізетін жергілікті атқарушы органдарының қызметін және өзара іс-әрекетін ұйымдастыру тәртібін айқындайды, сондай-ақ мемлекеттік экологиялық сараптамаға ұсынылатын материалдардың құрамына, мазмұнына талаптарды белгілейді.
2-тармақ өзгертілді ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрінің 26.10.2009 № 228-ө Бұйрығымен. (09.10.2007 жылғы редакцияны қараңыз)
3. Ереже уәкілетті органның экологиялық сараптама органдарында, оның аумақтық бөлімшелері мен мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізетін жергілікті атқарушы органдарында іс жүзінде қолданылу және Қазақстан Республикасының аумағында қызметтерін жоспарлайтын және жүзеге асыратын заңды және жеке тұлғаларға ақпараттық материалы ретінде пайдаланылу үшін арналған.
4. Ережеде Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінде ұсынылған терминдермен және анықтамалармен қатар, мынадай негізгі терминдер және анықтамалар пайдаланылады: 
Полная версия
ИС BestProfi