Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 26.04.2015
Ықтимал жер сілкіністері аймақтарында құтқару және басқа да шұғыл жұмыстарды ұйымдастыру мен жүргізу тәртібі туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 44-ө Өкімі
Осы Өкім күшін жойды 2015 жылғы 26 сәуірден бастап ҚР Үкіметінің 02.04.2015 жылғы № 173 Қаулысына сәйкес
«Азаматтық қорғаныс туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 7 мамырдағы Заңына сәйкес және Алматы қаласында, Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстарында ықтимал жер сілкіністерінен адам шығыны мен залалды азайту мақсатында:
1. Осы өкімге қосымшаға сәйкес ықтимал жер сілкіністерінің зардаптарын жоюға бөлінетін күштер мен құралдар құрамы бекітілсін сәйкес лауазымдар бойынша бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі мүдделі орталық және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, алты ай мерзімде Қазақстандағы жер сілкіністерінің зардаптарын жою, Алматы қаласында, Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстарында жойқын жер сілкіністері туындаған кезде зардап шеккен халықты және материалдық құндылықтарды көшіру жөніндегі іс-қимылдардың республикалық жоспарын әзірлесін.
3. Қазақстандағы ықтимал жойқын жер сілкіністеріне ден қоюға Қазақстан Республикасының күштері мен құралдарын басқару органдарының әзірлігі мақсатында:
1) Қазақстан Республикасының күштер мен құралдарды бөлетін орталық және жергілікті атқарушы органдары үш ай мерзімде бекітілген күштер мен құралдарға сәйкес жер сілкіністерінің зардаптарын жою жөніндегі іс-қимылдар жоспарларын әзірлеуді қамтамасыз етсін;
2) Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі:
халықты хабардар етудің республикалық жүйесінің дереу пайдалануға ұдайы әзір болуын қолдауды қамтамасыз етсін;
Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігімен бірлесіп, бұқаралық ақпарат құралдары, ұялы байланыс операторлары, кәбілді телевизия, сымды радио, сондай-ақ адамдар көп болатын жерлердегі халықты терминалдық ақпараттандыру кешендерінің иелері арқылы хабарландыру сигналдарын және шұғыл ақпарат беру мәселелерін пысықтасын;
ірі ауқымды ықтимал жер сілкіністері жағдайында құтқару және басқа да шұғыл жұмыстарды ұйымдастыру мен жүргізу мәселелерін пысықтау мақсатында үш жылда бір рет оқу-жаттығу өткізсін;
3) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі сейсмикалық қауіпті өңірлердегі жалпы білім беру ұйымдарында жер сілкінісі жағдайындағы іс-әрекет ережелері мен тәртібін оқытуды қамтамасыз етсін және практикалық дағдыларын меңгерту бойынша тұрақты жаттығуларды өткізсін;
4) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі ірі ауқымдағы ықтимал жер сілкіністері жағдайында құқықтық тәртіптің қорғалуын қамтамасыз ету, тонау, мемлекеттік, қоғамдық және азаматтардың жеке мүлкін талан-таражға салу фактілерінің жолын кесу жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлесін;
5) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі:
ауыр инженерлік және көліктік техниканы, материалдарды, жабдықтарды жеткізу үшін ауыр жүк көтеретін ұшақтарды қабылдауды қамтамасыз ететін әуеайлақтарды белгілесін және аталған жүктерді тасымалдауды ұйымдастыру жөнінде өзара іс-қимыл жоспарын пысықтасын;
орталық атқарушы органдармен және Алматы қаласының, Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарының жергілікті атқарушы органдарымен бірлесіп, темір жол көлігі, әуе кемелері техникасы мен авариялық-құтқару құралымдарының механизмдері үшін тиеу-түсіру және зардап шеккен халықты, материалдық құндылықтарды көшіру пункттерін айқындасын;
теміржол көлігінде тиеу-түсіру құрылғыларын, тиеу және түсіру пункттеріне автокөлік кіреберістерін қамтамасыз етсін;
темір жолдар мен әуеайлақтарда авариялық-қалпына келтіру жұмыстарын орындау үшін қажетті күштер мен құралдардың нормалық санын айқындасын;
6) орталық атқарушы органдар, Алматы қаласының, Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарының жергілікті атқарушы органдары:
жер сілкінісі жағдайындағы іс-қимылдар дайындығы мен тәртібі ережелеріне халықты, барлық деңгейдегі басшыларды оқытуды тұрақты жүзеге асырсын, оқу-жаттығуларды және машықтануларды, оның ішінде хабарлау сигналдары бойынша жүйелі түрде өткізсін, әрбір отбасыны тиісті жадынамамен немесе нұсқаулықпен қамтамасыз етсін, осы білімдерді бұқаралық ақпарат құралдарында белсенді насихаттасын;
әрбір елді мекенде, ғимаратта және құрылыста қауіпсіз бару жерлерін, тиісті көрсеткіштер орнатып, көшіру жолдарын айқындасын, жойқын жер сілкінісінің қаупі мен туындауы кезінде ғимараттар мен құрылыстардан адамдарды шығарудың практикалық амалдарын пысықтасын;
7) орталық және жергілікті атқарушы органдар жойқын жер сілкіністері туындаған кезде Азаматтық қорғаныстың авариялық-құтқару қызметі, құралымдары күштерінің іс-қимылдарға тұрақты әзірлігін қолдауды қамтамасыз етсін;
8) Алматы қаласының, Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл,  Оңтүстік Қазақстан облыстарының жергілікті атқарушы органдары:
Алматы қаласындағы, Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарындағы ықтимал жер сілкіністері кезінде ғимараттарды, құрылыстарды паспорттау деректері және олардың сейсмикалық беріктілігін тексеру нәтижелері негізінде адам шығынын (оның ішінде қайтыс болғандардың) есебін нақтыласын;
өңірлердің ерекшелігін ескере отырып, ықтимал жер сілкіністерінен залалды азайту жөнінде шаралар кешенін әзірлесін және тиісті шешімдер қабылдасын.
4. Осы өкімнің іске асырылуын бақылау Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігіне жүктелсін.
Қазақстан Республикасы
 Премьер-Министрінің
 2011 жылғы 7 сәуірдегі
 № 44-ө өкіміне
 қосымша
Ықтимал жер сілкінісінің салдарын жою үшін бөлінетін күштер мен құралдар құрамы
 
Р/с
Облыстың, орталық атқарушы органның атауы Күштер мен құралдар топтамасы
адам техника
1 2 3 4
Алматы қаласына және Алматы облысы аудандарының бөліктеріне
1. Астана қаласы 2543 579
2. Ақмола облысы 4512 892
3. Ақтөбе облысы 6477 1814
4. Атырау облысы 2852 383
5. Шығыс Қазақстан облысы 10797 3248
6. Жамбыл облысы 7440 1060
7. Батыс Қазақстан облысы 3768 612
8. Қарағанды облысы 9898 1943
9. Қостанай облысы 4657 919
10. Қызылорда облысы 4352 1142
11. Маңғыстау облысы 3169 1166
12. Павлодар облысы 2780 535
13. Солтүстік Қазақстан облысы 2134 347
14. Оңтүстік Қазақстан облысы 11053 1859
Облыстар бойынша жиыны: 76432 16449
15. Қорғаныс министрлігі 8160 231
16. Ішкі істер министрлігі 1020 105
17. Ішкі істер министрлігінің Ішкі әскер комитеті 1700 117
18. Көлік және коммуникация министрлігі 405 218+20 әуе кемесі
19. Төтенше жағдайлар министрлігі 2202 439+4 әуе кемесі
Орталық атқарушы органдар бойынша жиыны: 13487 1110+24 әуе кемесі
Барлығы: 89919 17559+24 әуе кемесі
Алматы облысының Талдықорған өңіріне
1. Шығыс Қазақстан облысы 2907 600
2. Жамбыл облысы 2451 331
3. Қарағанды облысы 2006 525
4. Қызылорда облысы 1494 471
5. Оңтүстік Қазақстан облысы 2414 395
Облыстар бойынша жиыны: 11272 2322
6. Қорғаныс министрлігі 9160 261
7. Ішкі істер министрлігі 720 60
8. Ішкі істер министрлігінің Ішкі әскер комитеті 1371 99
9. Көлік және коммуникация министрлігі 405 218+20 әуе кемесі
10. Төтенше жағдайлар министрлігі 2202 439+4 әуе кемесі
Орталық атқарушы органдар бойынша жиыны: 13858 1077+24 әуе кемесі
Барлығы: 25130 3399+24 әуе кемесі
Шығыс Қазақстан облысына
1. Алматы облысы 555 184
2. Павлодар облысы 923 209
Облыстар бойынша жиыны: 1478 393
3. Қорғаныс министрлігі 2570 85
4. Ішкі істер министрлігі 800 75
5. Ішкі істер министрлігінің Ішкі әскер комитеті 770 47
6. Көлік және коммуникация министрлігі 405 138+2 әуе кемесі
7. Төтенше жағдайлар министрлігі 1296 253+4 әуе кемесі
Орталық атқарушы органдар бойынша жиыны: 5841 598+6 әуе кемесі
Барлығы: 7319 991+6 әуе кемесі
Жамбыл облысына
1. Алматы қаласы 2933 676
2. Алматы облысы 3462 626
3. Қызылорда облысы 1494 471
4. Оңтүстік Қазақстан облысы 1141 158
Облыстар бойынша жиыны: 9030 1931
5. Қорғаныс министрлігі 1955 61
6. Ішкі істер министрлігі 500 34
7. Ішкі істер министрлігінің Ішкі әскер комитеті 2141 157
8. Көлік және коммуникация министрлігі 405 218+25 әуе кемесі
9. Төтенше жағдайлар министрлігі 1621 339+4 әуе кемесі
Орталық атқарушы органдар бойынша жиыны: 6622 809+29 әуе кемесі
Барлығы: 15652 2740+29 әуе кемесі
Оңтүстік Қазақстан облысына
1. Алматы қаласы 2933 676
2. Алматы облысы 763 175
3. Жамбыл облысы 1773 291
4. Қызылорда облысы 2956 608
Облыстар бойынша жиыны: 8425 1750
5. Қорғаныс министрлігі 1970 49
6. Ішкі істер министрлігі 750 72
7. Ішкі істер министрлігінің Ішкі әскер комитеті 1361 91
8. Көлік және коммуникациялар министрлігі 405 198+20 әуе кемесі
9. Төтенше жағдайлар министрлігі 1445 281+4 әуе кемесі
Орталық атқарушы органдар бойынша жиыны: 5931 691+24 әуе кемесі
Барлығы: 14356 2441+24 әуе кемесі
1. Орталық атқарушы органдар үшін: күштер мен құралдар құрамы құрылымдық бөлімшелер мен ведомстволық бағынысты ұйымдардан тұрады.
2. Облыстар, Астана және Алматы қалалары үшін: күштер мен құралдар құрамы тиісті ведомстволық бағынысты аумақта орналасқан ұйымдардың күштері мен құралдарынан тұрады.
Полная версия
ИС BestProfi