Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 06.08.2015
Қазақстан Республикасының аумағына Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан импортталатын тауарлар бойынша есепке жатқызу әдісімен қосылған құн салығын төлеуді қолдану қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 желтоқсандағы № 1705 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 6 тамыздан бастап ҚР Үкіметінің 23.07.2015 жылғы № 573 Қаулысына сәйкес 
«Қазақстан Республикасының аумағына Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан импортталатын тауарлар бойынша есепке жатқызу әдісімен қосылған құн салығын төлеуді қолдану қағидаларын бекіту туралы» ҚР Қаржы министрінің 15.01.2015 жылғы № 26 Бұйрығын қараңыз
Редакция 16.04.2012 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Заңының 49-1-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының аумағына Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан импортталатын тауарлар бойынша есепке жатқызу әдісімен қосылған құн салығын төлеуді қолдану қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулы 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі                           К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
 Yкiметiнің
 2011 жылғы 30 желтоқсандағы
 № 1705 қаулысымен
 бекітілген
Қазақстан Республикасының аумағына Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан импортталатын тауарлар бойынша есепке жатқызу әдісімен қосылған құн салығын төлеуді қолдану қағидалары
1. Осы Қағидалар «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Енгізу туралы заң) 49-1-бабына сәйкес әзірленген және Заңның 49-1-бабында көрсетілген, Қазақстан Республикасының аумағына Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан импортталатын тауарлар бойынша (бұдан әрі – ҚҚС) есепке жатқызу әдісімен қосылған құн салығын төлеу тәртібін айқындайды.
2. Қазақстан Республикасының аумағына Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан импортталатын тауарлар бойынша есепке жатқызу әдісімен ҚҚС төлеу мынадай шарттарды орындағанда:
1) тауарлар Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен, қосылған құн салығын есепке жатқызу әдiсiмен төленетін тауарлар тiзбесiне (бұдан әрі – Тізбе) енгізілген;
2) Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша тауарлардың импорты бойынша есепке жатқызу әдісімен төленуге тиіс қосылған құн салығы сомасын қосылған құн салығы жөніндегі декларацияда көрсету бойынша және оларды мақсатты пайдалану туралы міндеттеме (бұдан әрі – Міндеттеме) салық қызметі органына табыс етілген жағдайда жүзеге асырылады.
2-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 16.04.2012 № 465 Қаулысымен (30.12.2011 жылғы редакцияны қараңыз).(01.01.2012 бастап қолданысқа енгізіледі)
3. Міндеттемені ҚҚС төлеуші салық қызметі органына салық кезеңінен кейінгі айдың жиырмасынан кешіктірмей, Салық кодексінің 276-20-бабының 3-тармағында көрсетілген импортталатын тауарлар мен құжаттар бойынша жанама салықтар жөніндегі декларациямен бір мезгілде табыс етеді.
4. Міндеттемеге Қазақстан Республикасының аумағына Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан импортталатын тауарларды әкелу кезінде шартқа (келісімшартқа) Қазақстан Республикасының кеден органы беретін Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасының коды бойынша қорытынды қоса беріледі. Бұл ретте егер шартта (келісімшартта) мұндай тауарды бірнеше рет жеткізу көзделген жағдайда, онда Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасының коды бойынша қорытындының түпнұсқасы тек бірінші жеткізу бойынша беріледі, ал кейінгі жеткізулер бойынша осындай қорытындының көшірмесі беріледі.
5. Міндеттеме екі данада толтырылады, оның біреуі қабылданғаны туралы салық органының белгісімен салық төлеушіге қайтарылады.
6. Міндеттеменің негізінде тауарларды әкелу ҚҚС іс жүзінде төлемей, Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тәртіппен акцизделетін тауарлар бойынша акциздерді төлеу шартымен жүргізіледі.
7. Міндеттемеде көрсетілген ҚҚС сомасы Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен есептеу және есепке жатқызумен бір мезгілде ҚҚС бойынша декларацияда көрсетіледі.
8. Мүлікті қаржылық лизингке беруді қоспағанда, Енгізу туралы заңның 49-1-бабында көрсетілген тауарларды одан әрі өткізуге ҚҚС салуға жатады.
9. Қазақстан Республикасының аумағына тауарларды әкелген күннен бастап талап ету мерзімі ішінде Енгізу туралы заңның 49-1-бабында айқындалған талаптар бұзылған жағдайда, әкелінетін тауарларға ҚҚС Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тәртіппен және мөлшерде тауарлар әкелу кезінде ҚҚС төлеу үшін белгіленген мерзімнен бастап өсімпұлдар есептеле отырып, төленуге тиіс.
Осы Қағидалардың ережелері Қазақстан Республикасының аумағына Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан лизинг шарттары (келісімшарттары) бойынша импортталған тауарларға да, сыйақы есептелмей, лизинг шартында көзделген лизинг төлемінің сомасына келетін ҚҚС сомасы бөлігінде қолданылады.
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2012 жылғы 16 cәуірдегі
 № 465 қаулысына
 қосымша
Тауарлардың импорты бойынша есепке жатқызу әдісімен төленуге тиіс қосылған құн салығының сомасын қосылған құн салығы жөніндегі декларацияда көрсету бойынша және оларды мақсатты пайдалану туралы міндеттеме
Қаулы қосымшамен толықтырылды ҚР Үкіметінің 16.04.2012 № 465 Қаулысымен.(01.01.2012 бастап қолданысқа енгізілуі тиіс)
_____________________________________________________________________  
_____________________________________________________________________  
_____________________________________________________________________  
_____________________________________________________________________        
(заңды тұлғаның толық атауы не дара кәсіпкердің Т.А.Ә.)
Салық төлеушінің сәйкестендіру нөмірі (БСН/ЖСН), егер бар болса
               ҚҚС бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәлік сериясы
_____________________________________________________________________  
_____________________________________________________________________                    
(салық қызметі органының атауы)
_____________________________________________________________________  
_____________________________________________________________________
2-бөлім. Тауарлардың импорты бойынша есепке жатқызу әдісімен төленуге тиіс қосылған құн салығының сомасын қосылған құн салығы жөніндегі декларацияда көрсету
Қосылған құн салығы жөніндегі декларацияда _________________________
____________________________________________________________________
                            (салық кезеңі)
      үшін есепке жатқызу әдісімен бюджетке төленуге тиіс қосылған құн салығының
(____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
______________________________ теңге сомасын көрсетуге міндеттенемін.
     (сомасы жазбаша)
3-бөлім. Қосылған құн салығын төлеу есепке алу әдісімен жүргізілетін тауарларды мақсатты пайдалану
Тауар ретінде мыналар әкелінді:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
      тауарлардың атауы, СЭҚ ТН (сыртқы экономикалық қызметтің
              бірыңғай тауар номенклатурасының коды)
Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасының коды бойынша
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
20 ___ жылғы «____» ___ № ___ ________________________қорытындысы.
      Осыған орай, қаржы лизингіне беруді қоспағанда, көрсетілген тауарларды одан әрі сату үшін емес, қатаң түрде мақсатты бағытына сәйкес пайдалануға міндеттенемін.
      Көрсетілген тауарлар мақсатсыз пайдаланылған жағдайда Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес қосылған құн салығының сомасы мен өсімпұл төлеуге міндеттенемін.

___________________________________________________________/________/
            (Салық төлеушінің Т.А.Ә.)                        (қолы)

Міндеттеме тапсырылған күн 20 ___ жылғы «____» ____ № ____

_________________________________________________________ /_________/
  (Міндеттемені қабылдаған лауазымды тұлғаның Т.А.Ә.)        (қолы)

Міндеттеме қабылданған күн 20 ___ жылғы «____» _____________
Салық қызметі органының М.О.
Полная версия
ИС BestProfi