Жеке тұлғалардың, тауарлар мен көлік құралдарының Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өтуін мемлекеттік бақылауды жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Внимание! Документ утратил силу с 20.08.2013
"Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автомобиль өткізу пункттерінің және Қазақстан Республикасының аумағындағы стационарлық көлiктiк бақылау посттарының тiзбесiн бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 27 ақпандағы № 238 қаулысына толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 24 тамыздағы № 1082 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2013 жылғы 20 тамыздан бастап ҚР Үкіметінің 09.07.2013 жылғы № 697 Қаулысына сәйкес
1. «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автомобиль өткізу пункттерінің және Қазақстан Республикасының аумағындағы стационарлық көлiктiк бақылау посттарының тiзбесiн бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 27 ақпандағы № 238 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 10, 128-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автомобиль өткізу пункттерінің және Қазақстан Республикасының аумағындағы стационарлық көліктік бақылау посттарының тізбесінде:
1-тармақтың төртінші бөлігі мынадай мазмұндағы жетінші абзацпен толықтырылсын: (құпия).
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Полная версия