1.1. АҚК оған осы шарттың ережелерiмен берiлген астықты заңнамада белгiленген тәртiппен бекiтiлген астықтың сапасы бойынша мемлекеттiк стандарттармен, нормативтiк құқықтық кесімдермен және өзге де техникалық шарттармен белгiленген сақтау нормаларын (режимдерiн) сақтай отырып сақтауға мiндеттенедi.
Документ показан в демонстрационном режиме!
Астық қабылдау кәсіпорны мен астық иесі арасындағы астықты сақтаудың жария шартының үлгі нысанын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 24 қазан N 1359
Осы редакция 30.04.2004 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды
"Астық туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 7 маусымдағы N 773 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қоса беріліп отырған Астық қабылдау кәсіпорны мен астық иесі арасындағы астықты сақтаудың жария шартының үлгі нысаны бекітілсін. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және жариялануға тиіс. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2001 жылғы 24 қазандағы N 1359 қаулысымен бекiтiлген Астық қабылдау кәсiпорны мен астық иесi арасындағы астықты сақтаудың жария шартының үлгi нысаны ____________________ 2001 жылғы "___" ________ (елдi мекен) Бұдан әрi "Иесi" деп аталатын _____________________________ атынан _______________________________________________________________________ _________________ негiзiнде әрекет ететiн _____________________________ (астық иесi) және бұдан әрi "АҚК" деп аталатын _____________________________________ атынан_________________________________________________________________ ______________ негiзiнде әрекет ететiн_________________________________ (астық қабылдау кәсiпорны) бiрлесiп "Тараптар" деп аталатындар мына төмендегiлер туралы осы шартты жасасты. 1. Шарттың мәнi
1.2. Дақылдың түрi, сорты, астықтың класы: _______________________ _______________________________________________________________________
1.3. Иесi астық қабылдау кәсiпорнымен келiсiм бойынша астықтың сақталуын қамтамасыз ететiн қолданыстағы (бекiтiлген) нормалардың шегiнде сақтауға тапсырған, есепке алынған табиғи салмағының сақтауға берiлген көлемi тонна.
1.4. АҚК-ға берiлген астықтың сақталу мерзiмi, оның астық қоймасына түскен сәтiнен бастап төрт жылдан аспайды.
2. Тараптардың құқықтары мен мiндеттерi
2.1. АҚК:
2.1.1 осы сақтау шартына, белгiленген тәртiппен бекiтiлген нормативтiк құқықтық кесiмдерге сәйкес астықты сақтау және оның сақталу шарттарын қамтамасыз етуге қажеттi барлық шараларды қабылдауға;
Полная версия