"Техникалық реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 қарашадағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Внимание! Документ утратил силу с 03.02.2017
"Бу және ыстық су құбырының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламентін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 қаңтардағы N 49 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2017 жылғы 3 ақпаннан бастап ҚР Үкіметінің 30.01.2017 жылғы № 29 Қаулысына сәйкес
Редакция 23.07.2013 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Қоса беріліп отырған "Бу және ыстық су құбырының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламенті бекітілсін.
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 қаңтардағы N 49 қаулысымен бекітілген
"Бу мен ыстық су құбырының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламенті
I. Жалпы ережелер
1. Осы Бу мен ыстық су құбырының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар техникалық регламенті (бұдан әрі - Техникалық регламент) жұмыс қысымы 0,07 МПа (0,7 кгс/см 2 ) астам су буын немесе температурасы 115 о С астам ыстық суды тасымалдайтын құбырын жобалауға, конструкцияларына, материалдарына, оларды дайындауға, монтаждауға, жөндеуге және пайдалануға қойылатын талаптарды белгілейді.
2. Осы Техникалық регламент мыналарға:
1) қазандық шегінде орналасқан құбырларға;
2) құбырларында жүйесіне кіретін және олардың ажырамас бөлігі болып табылатын (су бөлгіштер, лас ұстағыштар т.б.) ыдыстарға;
3) ішкі су жолдарына орнатылатын құбырларға;
4) сыртқы диаметрі 51 мм кем I санатты құбырларға және сыртқы диаметрі 76 мм кем II, III және IV санатты құбырларға;
5) қазандықтардың, құбырларының, ыдыстардың, редукциялық-салқындату және басқа да атмосферамен біріктірілген құрылғылардың ағызу, үрлеу және шығару құбырларына;
6) атом электр станциялары мен қондырғыларының құбырларына;
7) әскери ведомствоның арнайы қондырғыларының құбырларына;
8) металл емес материалдардан дайындалған құбырларына қолданылмайды.
Полная версия