2. Астана қаласының әкімі заңнамада белгіленген тәртіппен Жоспардың орындалуын үйлестіруді қамтамасыз етсін.
Документ показан в демонстрационном режиме!
Осы редакция 10.11.2009 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
Астана қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2006-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 30 маусымдағы N 624 Қаулысы
"Астана қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2006-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 4 мамырдағы N 111 Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Астана қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2006-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары (бұдан әрі - Жоспар) бекітілсін.
3. Қазақстан Республикасының орталық және жергілікті атқарушы органдары, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар Жоспарда көзделген іс-шараларды іске асыруды қамтамасыз етсін және Астана қаласының әкіміне жарты жылда бір рет, есепті кезеңнен кейінгі айдың 15-күнінен кешіктірмей Жоспар іс-шараларының орындалуы туралы ақпарат ұсынсын.
4. Астана қаласының әкімі жарты жылда бір рет, есепті кезеңнен кейінгі айдың 25-күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне және Қазақстан Республикасының Үкіметіне Жоспар іс-шараларының орындалуы туралы жиынтық ақпараттың ұсынылуын қамтамасыз етсін.
Полная версия