1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
Документ показан в демонстрационном режиме!
Осы редакция 30.06.2011 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 10 қарашадағы N 1803 Қаулысы
"Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 24 маусымдағы N 832 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының ҮкіметіҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 10 қарашадағы N 1803 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасының кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
1. "Қазақстан Республикасының Құқықтық саясат тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 30 қарашадағы N 1274 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., N 43, 434-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Құқықтық саясат тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарында:
реттік нөмірі 70-жолдың "Жауапты орындаушылар" деген бағанындағы "ИСМ" деген аббревиатура "ЭБЖМ" деген аббревиатурамен ауыстырылсын.
2. "Қазақстан Республикасында көлеңкелі экономиканың мөлшерін қысқарту жөніндегі экономикалық саясат пен ұйымдастыру шараларының 2005 - 2010 жылдарға арналған негізгі бағыттары" бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 30 қыркүйектегі N 969 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., N 36, 502-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген "Қазақстан Республикасында көлеңкелі экономиканың мөлшерін қысқарту жөніндегі экономикалық саясат пен ұйымдастыру шараларының 2005 - 2010 жылдарға арналған негізгі бағыттары" бағдарламасында:
"Қазақстан Республикасында көлеңкелі экономиканың мөлшерін қысқарту жөніндегі экономикалық саясат пен ұйымдастыру шараларының 2005 - 2010 жылдарға арналған негізгі бағыттарының бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары" деген 10-бөлімде:
реттік нөмірі 3-жолдың 4-бағанындағы "ИСМ" деген аббревиатура "ҚІжТКША" деген аббревиатурамен ауыстырылсын;
ескертпе мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
"ҚІжТКША" - Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі".
3. "Астана қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2006 - 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 30 маусымдағы N 624 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., N 24, 249-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Астана қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2006 - 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарында:
Полная версия