1. Қоса беріліп отырған 2010 - 2014 жылдарға арналған «Жасыл даму» салалық бағдарламасы (бұдан әрі — Бағдарлама) бекітілсін.
Документ показан в демонстрационном режиме!
Осы редакция 04.08.2011 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
2010 - 2014 жылдарға арналған «Жасыл даму» салалық бағдарламасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 10 қыркүйектегі № 924 Қаулысы
«Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1 ақпандағы № 922 Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
2. Осы Бағдарламаны іске асыруға қатысатын бірлесіп орындаушы мемлекеттік органдар өз құзыреті шегінде есепті жылдың 15 шілдесінен кешіктірмей жарты жылдық қорытындылары бойынша және есепті жылдан кейінгі жылдың 1 ақпанынан кешіктірмей жыл қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігіне Бағдарламаның іске асырылу барысы туралы жедел есептілікті ұсынып отырсын.
3. Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі есепті жылдың 1 тамызынан кешіктірмей жарты жылдық қорытындылары бойынша және есепті жылдан кейінгі жылдың 15 ақпанынан кешіктірмей жыл қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігіне Бағдарламаның іске асырылу барысы туралы жедел есептілікті ұсынып отырсын.
4. Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі есепті жылдың 15 тамызынан кешіктірмей жарты жылдық қорытындылары бойынша және есепті жылдан кейінгі жылдың 1 наурызынан кешіктірмей жыл қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметіне Бағдарлама мониторингі бойынша жалпы есепті ұсынып отырсын.
5. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
6. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Ө.Е.Шөкеевке жүктелсін.
7. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 10 қыркүйектегі № 924 қаулысымен бекітілген
2010 - 2014 жылдарға арналған «Жасыл даму» салалық бағдарламасы 1. Бағдарламаның паспорты
Атауы 2010 - 2014 жылдарға арналған «Жасыл даму» салалық бағдарламасы
Әзірлеуге негіздеме «Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы» Қазақстан Республикасы
Президентінің 2010 жылғы 1 ақпандағы
№ 922 Жарлығы
Бағдарламаны Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны әзірлеуге және іске қорғау министрлігі асыруға жауапты мемлекеттік орган
Мақсаты Табиғи экожүйелерді сақтау және қалпына келтіру бойынша жағдай жасау
Полная версия