Близость слов: Окончание:





"2010 - 2014 жылдарға арналған "Жасыл даму" салалық бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 10 қыркүйектегі № 924 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 тамыздағы № 912 Қаулысы       
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
1. "2010 – 2014 жылдарға арналған "Жасыл даму" салалық бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 10 қыркүйектегі № 924 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі мүдделі орталық және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, Бағдарламада көзделген іс-шаралардың тиісінше және уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін.
3. Жауапты орталық және жергілікті атқарушы органдар, ұлттық, компаниялар (келісім бойынша) "Салалық бағдарламаларды әзірлеу және мониторингілеу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 18 наурыздағы № 218 қаулысымен бекітілген Салалық бағдарламаларды әзірлеу және мониторингілеу ережесіне сәйкес Бағдарламаның іске асырылу барысы туралы ақпарат берсін.
5-тармақ "Қосымшаға" деген сөз "1-қосымшаға" деген сөзбен ауыстырылсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген "2010 – 2014 жылдарға арналған "Жасыл даму" салалық бағдарламасында:
"Бағдарламаның паспорты" деген 1-бөлімде:
"Парниктік газдардың шығарындылары көлемінің өзгеру серпіні бойынша 2014 жылға 1992 жылға қарағанда төмендеуі 1%-ды құрайды" деген жол мынадай редакцияда жазылсын: "2014 жылға қарай 1992 жылмен салыстырғанда парниктік газдардың шығарындылары көлемінің асырылмауы 96%-ды құрайды";
"метеорологиялық станция – 262; агрометеорологиялық пункттер – 195; гидрологиялық бекеттер – 328; атмосфера ауасының жай-күйін – 67;" деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын: "метеорологиялық станциялар – 261; агрометеорологиялық бекеттер – 79; гидрологиялық бекеттер – 305; автоматты режимде жұмыс істейтін атмосфера ауасының жай-күйін – 67;";
"Қаржыландыру көздері мен көлемі" деген жолда:
"161714,06", "93759,21", "21650,4", "26280,6*", "25857,5*", "19970,71*", "46351,6", "9129,6**", "405,5", "171,5*", "92,0*", "74,0*", "3850,75", "1237,8", "2040,7*", "385,9*", "186,35*" деген сандар тиісінше "172267,7", "100310,1", "18837,2", "32528,2*", "27574,4*", "21122,0*", "50657,3", "13435,2**", "484,9", "211,8*", "124,4*", "80,7*" "3468,7", "1010,8", "1822,9*", "401,0*", "234,0*" деген сандармен ауыстырылсын;
"2013 жылы – 19970,71* млн. теңге" деген жолдан кейін келесі мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
"Ағымдағы жағдайды талдау" деген 3-бөлімде:
"Халық денсаулығының жай-күйіне қоршаған ортаның әсері" деген 3.3.9-кіші бөлім мынадай мазмұндағы бесінші бөлікпен толықтырылсын:
"Халықтың денсаулығын қолайсыз экологиялық факторлардан қорғау мыналардың:
Полная версия
ИС BestProfi