Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 28.07.2016
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 29 сәуірдегі N 343 және 2006 жылғы 25 тамыздағы N 817 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 19 қарашадағы N 1094 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2016 жылғы 28 шілдеден бастап ҚР Үкіметінің 25.07.2016 жылғы № 439 Қаулысына сәйкес
Редакция 25.08.2011 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық кесімдерінің мемлекеттік тізілімін, нормативтік құқықтық кесімдерінің эталондық бақылау банкін жүргізу ережесінде:
4-тармақтың тоғызыншы абзацында "орталық мемлекеттік органдар ведомстволары басшыларының нормативтік құқықтық бұйрықтары;" деген сөздер алынып тасталсын;
5-тармақтың үшінші абзацында ", олардың ведомстволарының" деген сөздер алынып тасталсын;
2) Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
күшін жойды ҚР Үкіметінің 25.08.2011 № 964 Қаулысымен; (19.11.2007 жылғы редакцияны қараңыз)
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Полная версия
ИС BestProfi