Близость слов: Окончание:





Документ показан в демонстрационном режиме!
Осы редакция 15.05.2009 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
Облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) және аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімияттарының үлгі регламенттерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 24 сәуір N 546
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 26 және 30-баптарын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қоса беріліп отырған: Облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) әкімиятының үлгі регламенті; Аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімиятының үлгі регламенті бекітілсін. 2. Барлық деңгейдегі әкімдер: Әкімияттардың регламенттерін әзірлеу және бекіту кезінде осы қаулыны басшылыққа алсын; Әкімияттардың регламенттерін әділет органдарында тіркеуді қамтамасыз етсін. 3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Үкіметінің 2001 жылғы 24 сәуірдегі N 546 қаулысымен бекітілген 
Облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) әкiмиятының үлгi регламентi
1. Облыстық (республикалық маңызы бар қалалық, астаналық) әкiмият (бұдан әрi - әкiмият) Қазақстан Республикасы атқарушы органдарының біртұтас жүйесiне кiредi, атқарушы биліктiң жалпымемлекеттiк саясатын тиiстi аумақты дамыту мүдделерiмен және қажеттiлiгімен үйлестіре жүргiзудi қамтамасыз етедi. 
2. Әкiм әкімият құрамын әкiм орынбасарларынан, әкiм аппаратының басшысынан, жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың бiрiншi басшыларынан құрады. 
Әкiм әкiмият мүшелерiнiң санын айқындайды. 
Әкiм әкiмияттың дербес құрамын айқындайды және облыстық (республикалық маңызы бар қалалық, астаналық) мәслихат сессиясының шешiмiмен келiсiледi. 
3. Әкiмият қызметi Қазақстан Республикасының Конституциясымен, "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актілерімен және осы Регламентпен реттеледi. 
4. Әкімияттың қызметін ақпараттық-талдау тұрғысынан, ұйымдық-құқықтық және материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз етудi облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) әкімінің аппараты (бұдан әрі - аппарат) жүзеге асырады. 
5. Әкiмият іс қағаздарын жүргiзу және әкiмиятқа түсетiн хат-хабарларды өңдеу аппаратқа жүктеледi және "Әкiмшiлiк рәсiмдер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының, Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң нормативтiк құқықтық актілерінің талаптарына сәйкес әзiрленетiн әрі облыс (республикалық маңызы бар қала) әкiмi (бұдан әрi - әкiм) бекiтетiн тәртiппен жүзеге асырылады. 
6. Әкiмнiң орынбасарлары мен аппарат басшысы әкiмияттың және әкiмнiң қарауына енгiзiлетiн актілер жобалары өтуiнiң осы Регламентпен белгiленген тәртiбiнiң сақталуын қамтамасыз етедi.
7. Аппарат әкiмият мүшелерiнiң және облыстық (республикалық маңызы бар қалалық, астаналық) бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдар (бұдан әрi - атқарушы органдар) басшыларының ұсыныстары бойынша әкiмият мәжiлiстерiнде қаралатын мәселелердiң тоқсан сайынғы тiзбесiн жасайды. 
Әкiмияттың мәжiлiстерiнде қарауға жоспарланатын мәселелердiң тiзбесiн әкiм бекiтедi. 
Бекiтiлген тiзбе әкiмият мүшелерiне, сондай-ақ, қажет болған жағдайда, атқарушы органдардың басшыларына, қалалардың, аудандардың әкiмдерiне және басқа да лауазымды адамдарға таратылады. 
Әкiм тиiстi атқарушы органның бiрiншi басшысы не аппарат басшысы ұсынатын анықтама негiзiнде тiзбеден жоспарланған мәселенi алып тастау немесе оны қарауды басқа да мерзiмге ауыстыру туралы шешiм қабылдайды.
Полная версия
ИС BestProfi