Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 30.07.2023
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 24 сәуірдегі N 546 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 мамырдағы N 727 Қаулысы
Осы Қаулы 30.07.2023 жылдан бастап күшін жойды ҚР Үкіметінің 13.07.2023 жылғы № 563 Қаулысына сәйкес
Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:  
1. "Облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) және аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімияттарының үлгі регламенттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 24 сәуірдегі N 546 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., N 15, 192-құжат) мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін: 
мемлекеттік тілдегі нұсқасының тақырыбында, бүкіл мәтінінде "әкімият" деген сөз тиісті жалғаулары ескеріле отырып, "әкімдік" деген сөзбен ауыстырылсын; 
кіріспеде "басқару" деген сөзден кейін "және өзін-өзі басқару" деген сөздермен толықтырылсын; 
2-тармақтың үшінші абзацы алып тасталсын; 
көрсетілген қаулымен бекітілген Облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) әкімиятының үлгі регламентінде: 
3-тармақта "басқару" деген сөзден кейін "және өзін-өзі басқару" деген сөздермен толықтырылсын; 
31-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: 
"31. Әкімдіктің және (немесе) әкімнің жалпыға міндетті маңызы бар, азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты актілері Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің аумақтық органдарында мемлекеттік тіркеуге және жергілікті атқарушы органдар айқындаған газеттерде және өзге де мерзімді басылымдарда ресми жариялануға жатады."; 
көрсетілген қаулымен бекітілген Аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімиятының үлгі регламентіне: 
3-тармақта "басқару" деген сөзден кейін "және өзін-өзі басқару" деген сөздермен толықтырылсын; 
31-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: 
"31. Әкімдіктің және (немесе) әкімнің жалпыға міндетті маңызы бар, азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты актілері Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің аумақтық органдарында мемлекеттік тіркеуге және жергілікті атқарушы органдар айқындаған газеттерде және өзге де мерзімді басылымдарда ресми жариялануға жатады.". 
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Полная версия
ИС BestProfi