«Жоқ заңды тұлғалар мен жоқ борышкерді, сонымен қатар өздерінің қызметін заңнаманы өрескел бұза отырып жүзеге асыратын заңды тұлғаларды таратудың сот практикасы туралы»
2004 жылғы 18 маусымдағы № 5 Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтік қаулысы
Осы Нормативтік қаулының тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Жоғарғы Сотының 29.11.2018 жылғы № 18 Нормативтік қаулысына сәйкес (30.12.2011 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 26.12.2018 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Құжат мәтініндегі «талапкер», «Талапкер», «талабы», «талаптан» деген сөздер тиісінше «талап қоюшы», «Талап қоюшы», «талап қоюы», «талап қоюдан» деген сөздермен ауыстырылды ҚР Жоғарғы Сотының 07.12.2023 жылғы № 4 Нормативтік қаулысына сәйкес (29.11.2018 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 28.12.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Нормативтік қаулының тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Жоғарғы Сотының 28.11.2024 жылғы № 4 Нормативтік Қаулысына сәйкес (07.12.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 25.12.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Өздерінің қызметін заңнаманы өрескел бұза отырып жүзеге асыратын заңды тұлғаларды (бұдан әрі - жоқ заңды тұлғалар мен жоқ борышкерлерді) тарату туралы заңнаманы сот практикасында біркелкі түсіндіру және қолдану мақсатында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысы қаулы етеді:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Жоғарғы Сотының 28.11.2024 жылғы № 4 Нормативтік Қаулысына сәйкес (07.12.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 25.12.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Заңды тұлғаны тарату Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің (бұдан әрі – АК) 49-бабының 2-тармағында және өзге де заңнамалық актілерде көзделген негіздер бойынша соттың шешіміне сәйкес жүзеге асырылатынына соттардың назары аударылсын.
1-тармақ өзгертілді ҚР Жоғарғы Сотының 22.12.2008. № 23, 30.12.2011 № 5 Нормативтік қаулыларымен. (18.06.2004 жылғы редакцияны қараңыз)
1-тармақ өзгертілді ҚР Жоғарғы Сотының 29.11.2018 жылғы № 18 Нормативтік қаулысымен (30.12.2011 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 26.12.2018 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-тармақ өзгертілді ҚР Жоғарғы Сотының 28.11.2024 жылғы № 4 Нормативтік Қаулысымен (07.12.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 25.12.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің қызметін тоқтату ерекшеліктері АК-нің 21-бабында, Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 39, 53-баптарында, «Оңалту және банкроттық туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 7 наурыздағы № 176-V Заңының (бұдан әрі – Заң) 7, 8 және 9-тарауларында көзделген.
2. Жоқ заңды тұлғалар мен жоқ борышкерлер үшін заңнамада таратудың арнайы негіздері мен жеңілдетілген тәртібі көзделген
2-тармақ өзгертілді ҚР Жоғарғы Сотының 22.12.2008. № 23, 30.12.2011 № 5 Нормативтік қаулыларымен. (18.06.2004 жылғы редакцияны қараңыз)
2-тармақ өзгертілді ҚР Жоғарғы Сотының 29.11.2018 жылғы № 18 Нормативтік қаулысымен (30.12.2011 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 26.12.2018 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2-тармақ өзгертілді ҚР Жоғарғы Сотының 07.12.2023 жылғы № 4 Нормативтік қаулысымен (29.11.2018 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 28.12.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2-тармақ өзгертілді ҚР Жоғарғы Сотының 28.11.2024 жылғы № 4 Нормативтік Қаулысымен (07.12.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 25.12.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Заңның 1-бабының 13) тармақшасына сәйкес жоқ борышкер – «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес әрекетсіз деп танылған, оның, сондай-ақ құрылтайшысының (қатысушысының), лауазымды адамының жоқтығы Заңда айқындалған тәртіппен белгіленген борышкер.
Салық органдары жыл сайын 30 сәуірден кешіктірмей Салық кодексінде белгіленген мерзім аяқталғаннан кейін салық кезеңі үшін салық декларациялары мен Салық кодексінің 91-бабының 2 және 3-тармақтарында белгіленген мәліметтерді ұсынбаған салық төлеушілерді әрекет етпейтін салық төлеушілер деп тану туралы бұйрық шығарады.
Егер заңды тұлға орналасқан жері бойынша немесе нақты мекенжайы бойынша болмаса, егер заңды тұлға бір жыл бойы жұмыс істей алмайтын оның құрылтайшылары (қатысушылары) және лауазымды адамдары болмаса, егер ол заңды тұлғаның жарғылық мақсаттарына қайшы келетін қызметті жүйелі түрде жүзеге асыру, қызметін тиісті лицензиясыз не заңнамалық актілерде тыйым салынған қызметті жүзеге асыру арқылы заңнаманы өрескел бұза отырып, қызметін жүзеге асырса, АК-нің 49-бабы 2-тармағының 3) және 4) тармақшаларына сәйкес таратылуы мүмкін.
3. Заңды тұлғалардың қызметін жүзеге асыру кезінде заңды өрескел бұзуы деп егер мұндай бұзушылық іс жүзінде жағымсыз нақты немесе құқықтық салдарларға әкеп соқтырса немесе сондай мүмкіндік туғызса, тиісті заңды тұлғаны құруды, қайта ұйымдастыруды, таратуды, сондай-ақ құрылтайшы немесе осы заңды тұлғаны басқару жөнiндегi функцияларды жүзеге асыратын жеке тұлға (тұлғалар) жасаған қызметті регламенттейтін және (немесе) реттейтін ұлттық заңнама нормаларын, ратификацияланған халықаралық шарттарды қасақана немесе абайсызда айқын және елеулі түрде бұзуды санаған жөн.
3-тармақ өзгертілді ҚР Жоғарғы Сотының 30.12.2011 № 5 Нормативтік қаулысымен. (22.12.2008 жылғы редакцияны қараңыз)
3-тармақ өзгертілді ҚР Жоғарғы Сотының 29.11.2018 жылғы № 18 Нормативтік қаулысымен (30.12.2011 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 26.12.2018 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3-тармақ өзгертілді ҚР Жоғарғы Сотының 28.11.2024 жылғы № 4 Нормативтік Қаулысымен (07.12.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 25.12.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Жоқ заңды тұлғаның АК-нің 49-бабы 2-тармағының 3) тармақшасында санамаланған белгілері жеке алғанда, сондай-ақ заңды тұлғада кредиторлардың болмауы заңды тұлғаны тарату үшін дербес негіз болып табылмайды.
Орналасқан жері бойынша немесе нақты мекенжайында болмаған заңды тұлға, сондай-ақ оның құрылтайшылары (қатысушылары) мен лауазымды адамдары болмаған кезде, егер осы заңды тұлға өз қызметін уақытша тоқтатса, бірақ тиісті салық есептілігін белгіленген мерзімде уақтылы ұсынып отырса, АК-нің 49-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес таратылуы мүмкін емес.
Лауазымды адамдары жоқ, бірақ заңды тұлғаның қызметін ұйымдастыру үшін жауапты және лауазымды адамдарды тағайындауға (сайлауға) құқылы құрылтайшылары (қатысушылары) бар заңды тұлға көрсетілген тәртіппен таратылуы мүмкін емес.
Жоқ заңды тұлғаның салық есептілігін ұсынбағанын жұмыс істейтін заңды тұлғаның есептілікті ұсыну мерзімдерін бұзуынан ажырата білу керек. Өз қызметін жүзеге асыратын және тіркелген жері бойынша орналасқан (яғни жоқ емес), бірақ салық есептілігін белгіленген мерзімдерде ұсынбайтын заңды тұлғалар, құрылтайшылар (қатысушылар) не лауазымды адамдар осындай бұзушылықтар үшін қолданыстағы заңнамада белгіленген тәртіппен жауапты болады.
4. АК-нің 49-бабының 3-тармағына сәйкес, жоқ заңды тұлғаны тарату туралы талапты сотқа заң актілерімен мұндай талаптарды қою құқығы берілген мемлекеттік орган, ал банкрот болған жағдайларда - сондай-ақ несие берушілер қоюы мүмкін. Мұндай құқық, атап айтқанда, "Салық кодексінің» 19-бабымен салық органдарына берілген.
4. АК-нің 49-бабының 3-тармағына сәйкес жоқ заңды тұлғаны тарату туралы талапты сотқа заңнамалық актiлерде осындай талап қоюға құқық берілген мемлекеттік орган, ал банкрот болған жағдайларда кредиторлар да беруі мүмкін. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы кодексінің (Салық кодексі) 19-бабына сәйкес атап айтқанда, мұндай құқық салық органдарына берілген.
4-тармақ өзгертілді ҚР Жоғарғы Сотының 29.11.2018 жылғы № 18 Нормативтік қаулысымен (30.12.2011 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 26.12.2018 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
4-тармақ өзгертілді ҚР Жоғарғы Сотының 07.12.2023 жылғы № 4 Нормативтік қаулысымен (29.11.2018 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 28.12.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
4-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Жоғарғы Сотының 28.11.2024 жылғы № 4 Нормативтік Қаулысына сәйкес (07.12.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 25.12.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Салық органдары АК-нің 49-бабы 2-тармағының 1), 2), 3), 4) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша соттарға заңды тұлғаны тарату туралы талап қоюға құқылы.
«Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы № 413-IV Қазақстан Республикасы Заңының 133-бабының 1-тармағына сәйкес республикалық мемлекеттік кәсіпорынды Қазақстан Республикасының Үкіметі, ал коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынды жергілікті атқарушы орган немесе аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімімен және жергілікті қоғамдастық жиналысымен келісу бойынша аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты құрады.
Салық органдары мәжбүрлі түрде таратуға (есептік тіркеуден шығаруға, қызметін тоқтатуға) жататын субъектілердің тізбесіне енгізілген субъектілерге қатысты мәжбүрлі түрде тарату (есептік тіркеуден шығару, қызметін тоқтату) туралы талап қоюды сотқа күнтізбелік жылдың 1 қыркүйегінен кешіктірмей жолдайды.
Егер заңдарда өзгеше белгіленбесе, республикалық заңды тұлғаны тиісті саланың уәкілетті органы мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның келісімімен таратады. Коммуналдық заңды тұлғаны жергілікті атқарушы орган немесе аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімінің және жергілікті қоғамдастық жиналысымен келісу бойынша аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауыл округі әкімінің аппараты таратады.
Мемлекеттік мекеменің өзі құрылтайшы болған жұмыс істемейтін басқа мемлекеттік мекемені тарату туралы талап қоюы қанағаттандырылуға жатпайды, өйткені АК-нің 50-бабына сәйкес осындай заңды тұлғаны тарату рәсімін сот емес, тарату туралы шешім қабылдаған орган жүзеге асырады.
Жоқ заңды тұлға (жоқ борышкер) кредиторлық берешегі болғанда Заңның 118-бабында белгіленген оңайлатылған рәсімдер бойынша банкроттыққа (дәрменсіздікке) байланысты АК-нің 49-бабы 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес сот тәртібімен таратылуға жатады.
5. Кредиторлары болмаған жоқ заңды тұлғаны тарату туралы немесе жоқ борышкерге қатысты оның кредиторлық берешегі болғанда банкроттық жөнінде іс қозғау туралы талап қоюмен сотқа жүгінген кезде арыз берушілер заңды тұлғалардың құрылтай құжаттарында көрсетілген жерде немесе нақты мекенжайында жоқ екенін, сондай-ақ заңды тұлға жұмыс істей алмайтын оның құрылтайшылары (қатысушылары) және лауазымды адамдары жоқ екенін растайтын дәлелдемелерді ұсынуға міндетті, бұл ретте арыз беруші сотқа жүгінген сәтке дейін заңнамада белгіленген жоқ болу мерзімі жоқ борышкерлер үшін алты айдың ішінде, ал жоқ заңды тұлғалар үшін бір жылдың ішінде өткенін растау қажет.
5-тармақ өзгертілді ҚР Жоғарғы Сотының 29.11.2018 жылғы № 18 Нормативтік қаулысымен (30.12.2011 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 26.12.2018 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
5-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Жоғарғы Сотының 28.11.2024 жылғы № 4 Нормативтік Қаулысына сәйкес (07.12.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 25.12.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Мұндай дәлелдемелер жергілікті мемлекеттік басқару органдарының, кәсіпкерлік қызметке бақылауды жүзеге асыратын аумақтық органдардың, сондай-ақ тұрғын үй-коммуналдық қызмет көрсететін ұйымдардың актілері, анықтамалары немесе өзге де құжаттары болуы мүмкін. Сонымен қатар, байланыс органдарының соттың заңды тұлғаның атына жіберген жоқ заңды тұлғаны тарату туралы арыздың және іс бойынша іс жүргізуді қозғау туралы сот ұйғарымдарының көшірмелерін адресаттың жоқтығы немесе оның шығып кеткені туралы белгімен кері қайтаруы, сонымен қатар корпоративтік табыс салығы туралы (жиынтық жылдық кіріс пен жасалған шегерімдер туралы) декларацияны немесе оңайлатылған декларацияны заңда белгіленген табыс ету мерзімінен кейін бір жыл өткен соң табыс етпеуі заңды тұлғаның жоқ болуына дәлелдеме болып табылады.
6. Сот заңды тұлға өз қызметін жүзеге асыра алмайтын (жұмыс істей алмайтын) адамдардың тобын әрбір нақты жағдайда жарғылық құжаттардың негізінде анықтайды. Арыз берушілер жоқ заңды тұлғаны (борышкерді) тарату туралы сотқа жүгіну кезінде құрылтай құжаттарын немесе құрылтай құжаттарының нотариалды куәландырылған көшірмелерін, сондай-ақ осы заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәландыратын құжаттарды ұсынуға міндетті.
6-тармақ өзгертілді ҚР Жоғарғы Сотының 29.11.2018 жылғы № 18 Нормативтік қаулысымен (30.12.2011 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 26.12.2018 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
6-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Жоғарғы Сотының 28.11.2024 жылғы № 4 Нормативтік Қаулысына сәйкес (07.12.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 25.12.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Заңды тұлғаның қызметін жүзеге асыру мүмкін болмайтын (жұмыс істей алмайтын) лауазымды адамдардың, сондай-ақ құрылтайшылар мен қатысушы жеке тұлғалардың көрсетілген құрылтай құжаттарында болмауы олардың кетіп қалғаны, тұрмайтыны туралы құжаттармен, куәлардың айғақтарымен, басқа да дәлелдемелермен расталуы мүмкін.
Заңды тұлға белгіленген тәртіппен қызметтен босатқан адамдар, олардың тұрғылықты жері белгілі болса да және олар сот отырысына келсе де, жоқ заңды тұлғаның (жоқ борышкердің) тиісті өкілдері болып танылмайды.
Егер жоқ заңды тұлғаның, оның ішінде борышкердің жалғыз құрылтайшылары (қатысушылары) басқа заңды тұлғалар болса және олар заңда белгіленген тәртіппен таратылса, онда бұл жағдай да заңды тұлғаның құрылтайшысы (қатысушысы) жоқ екеніне дәлелдеме болып табылады.
7. Сот заңды тұлғаның қызметін жүзеге асыру мүмкін болмайтын лауазымды адамдардың қайтыс болғаны туралы, әрекетке қабiлетсiз деп танылғаны, бас бостандығынан айыруға сотталғаны не қызметтің белгілі бір түрімен айналысу құқығынан айырылғаны, хабар-ошарсыз кетті деп танылғаны туралы немесе жалғыз құрылтайшы (қатысушы) – жеке тұлғалардың (құқық мирасқорлығы болмаған кезде) қайтыс болғаны туралы құжаттарды дәлелдемелер ретінде қабылдауы мүмкін.
7-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Жоғарғы Сотының 28.11.2024 жылғы № 4 Нормативтік Қаулысына сәйкес (07.12.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 25.12.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
8. Жоқ борышкерлердің кредиторлық берешегі болуы немесе жоқ заңды тұлғаның кредиторлары болмауы олардың соңғы тапсырған салық есептілігіне берілген түсіндірмелермен, салық органдарының баланстарымен, анықтамаларымен, өзге құжаттармен расталуы мүмкін.
8-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Жоғарғы Сотының 28.11.2024 жылғы № 4 Нормативтік Қаулысына сәйкес (07.12.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 25.12.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Жоқ заңды тұлғаның (жоқ борышкердің) кредиторлардың немесе кредиторлық берешегі болуы немесе болмауы туралы ұсынылған дәлелдемелерге байланысты арыз беруші АК-нің, Заңның тиісті баптарына сілтеме жасай отырып, жоқ заңды тұлғаны, жоқ борышкерді тарату туралы талап қою үшін заңда көзделген негіздерді көрсетуге міндетті.
9. Соттар АПК-нің 31-тарауында, Заңның 44, 45, 46, 47-баптарында көзделген сотқа жоқ борышкерлерді тарату туралы арыздарды ресімдеуге, олардың банкроттығы туралы арыздарды жазуға қойылатын талаптарды осы санаттағы істердің ерекшеліктерін ескере отырып қолданғаны жөн.
9-тармақ өзгертілді ҚР Жоғарғы Сотының 22.12.2008. № 23 Нормативтік қаулысымен. (18.06.2004 жылғы редакцияны қараңыз)
9-тармақ өзгертілді ҚР Жоғарғы Сотының 29.11.2018 жылғы № 18 Нормативтік қаулысымен (30.12.2011 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 26.12.2018 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
9-тармақ өзгертілді ҚР Жоғарғы Сотының 07.12.2023 жылғы № 4 Нормативтік қаулысымен (29.11.2018 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 28.12.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
9-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Жоғарғы Сотының 28.11.2024 жылғы № 4 Нормативтік Қаулысына сәйкес (07.12.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 25.12.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Кредиторлардың борышкерге қоятын талаптарының сомасы бойынша Заңның 5-бабы 1-тармағының 1), 2) тармақшаларында белгіленген шектеулер жоқ борышкерге қатысты қолданылмайды, ал жоқ борышкердің банкроттығы туралы арызды соттар оның берешек сомасының мөлшеріне қарамастан, қарауға қабылдайды.
Салық органдарының және прокурордың жоқ заңды тұлғаны, сондай-ақ жоқ борышкерді тарату туралы арыздарына мемлекеттік баж салынбайды. Басқа кредиторлар борышкердің банкроттығы туралы арызбен жүгінген жағдайда мемлекеттік баж жалпы тәртіппен төленеді.
10. Жоқ заңды тұлғаның (жоқ борышкердің) ұйымдық-құқықтық нысанының АК-нің 34-бабының талаптарына сәйкес келмеуі, арыз берушінің сотқа жүгінуі кезінде жоқ заңды тұлғаның (жоқ борышкердің) мүліктері бар екендігі туралы мәліметті ұсынбауы заңды тұлғаны тарату туралы арызды қарауға қабылдаудан бас тарту үшін негіз болып табылмайды.
10-тармақ өзгертілді ҚР Жоғарғы Сотының 29.11.2018 жылғы № 18 Нормативтік қаулысымен (30.12.2011 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 26.12.2018 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
10-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Жоғарғы Сотының 28.11.2024 жылғы № 4 Нормативтік Қаулысына сәйкес (07.12.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 25.12.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Егер заңды тұлға АК қабылданғанға дейін құрылған және белгіленген тәртіппен тіркелген жағдайда Заңды тұлғалардың бірыңғай мемлекеттік тіркелімінде заңды тұлғаның болмауы арызды қарауға қабылдаудан бас тарту үшін негіз болып табылмайды.
11. Жоқ заңды тұлғаны тарату туралы арыздар талап қою ісін жүргізу тәртібімен, жоқ борышкердің банкроттығы туралы арыз ерекше іс жүргізу тәртібімен қаралады.
11-тармақ өзгертілді ҚР Жоғарғы Сотының 07.12.2023 жылғы № 4 Нормативтік қаулысымен (29.11.2018 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 28.12.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
11-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Жоғарғы Сотының 28.11.2024 жылғы № 4 Нормативтік Қаулысына сәйкес (07.12.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 25.12.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
12. Егер жоқ заңды тұлғаны тарату туралы істі қарау кезінде арыз беруші жоқ деп көрсеткен заңды тұлғаның уәкілетті лауазымды адамдары немесе оның құрылтайшылары (қатысушылары) сот отырысына келсе немесе заңды тұлғаның қызметін жалғастыратыны не таратумен келісетіні туралы жазбаша мәлімдесе, онда сот осы заңды тұлғаны жоқ заңды тұлға ретінде тарату туралы талап қоюды қанағаттандырудан бас тартады.
12-тармақ өзгертілді ҚР Жоғарғы Сотының 30.12.2011 № 5 Нормативтік қаулысымен. (22.12.2008 жылғы редакцияны қараңыз)
12-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Жоғарғы Сотының 28.11.2024 жылғы № 4 Нормативтік Қаулысына сәйкес (07.12.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 25.12.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Кредиторлар (кредиторлық берешек) тікелей сот отырысында анықталған жағдайда, егер заңды тұлғаны тарату туралы талап тек оның кредиторлары жоқ екендігіне байланысты мәлімделсе, онда сот заңды тұлғаны тарату туралы талаптан бас тарту туралы шешім шығарады.
АК-нің 49-бабы 2-тармағының 3) тармақшасында көзделген негіздер бойынша кредиторлары болмаған заңды тұлғалар үшін заңды тұлғаны таратудан бас тарту кредиторлардың, уәкілетті органның немесе прокурордың сол заңды тұлғаны азаматтық заңнамада көзделген басқа негіздер бойынша тарату талаптарымен қайтадан жүгінуіне кедергі келтірмейді.
13. Кредитордың, прокурордың немесе уәкілетті органның сотқа берген жазбаша арызы бойынша сот жоқ заңды тұлғаны тарату туралы мәлімделген талаптың негіздерін өзгерту жөніндегі мәселені қарауға құқылы.
13-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Жоғарғы Сотының 28.11.2024 жылғы № 4 Нормативтік Қаулысына сәйкес (07.12.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 25.12.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Талап қоюшы арызбен сотқа жүгіну кезінде жоқ деп көрсеткен уәкілетті лауазымды адамдардың, сондай-ақ заңды тұлғаның құрылтайшыларының (қатысушыларының) сотқа келіп, өздерінің оларды тарату туралы талаппен, оның ішінде оңайлатылған рәсім бойынша тарату туралы талаппен келісуі арызды қанағаттандыру үшін сөзсіз негіз болып табылмайды. Сот талап қоюды қанағаттандырудан бас тарта отырып, құрылтайшылық құжаттармен өкілеттік берілген адамдарға олардың заңды тұлғаны өз еркімен тарату туралы мәселені шешуге не белгіленген заңнамада көзделген өзге де негіздер бойынша мәжбүрлі түрде тарату туралы арызбен сотқа жүгінуге құқылы екенін түсіндіруге міндетті.
14-тармақ алынып тасталды ҚР Жоғарғы Сотының 29.11.2018 жылғы № 18 Нормативтік қаулысына сәйкес (30.12.2011 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 26.12.2018 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
15. Жоқ заңды тұлғаны және жоқ борышкерді тарату туралы талапты қарау кезінде сот құрылтайшылық құжаттардың негізінде заңды тұлғаның қызмет етуі мүмкін болмайтын тұлғалар тобын, оның құрылтайшыларының (қатысушыларының) құрамын анықтауы және заңды тұлғаның жоқ екенін және болмау уақытын растайтын, ұсынылған дәлелдемелердің жеткіліктілігіне баға беруі қажет.
15-тармақ өзгертілді ҚР Жоғарғы Сотының 29.11.2018 жылғы № 18 Нормативтік қаулысымен (30.12.2011 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 26.12.2018 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
15-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Жоғарғы Сотының 28.11.2024 жылғы № 4 Нормативтік Қаулысына сәйкес (07.12.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 25.12.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
16. Банкроттық рәсімді қозғамай, жоқ борышкерді таратуды уәкілетті орган Заңның 118-1- бабында белгіленген тәртіппен жүргізеді.
16-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Жоғарғы Сотының 29.11.2018 жылғы № 18 Нормативтік қаулысына сәйкес (30.12.2011 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 26.12.2018 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
16-тармақ өзгертілді ҚР Жоғарғы Сотының 07.12.2023 жылғы № 4 Нормативтік қаулысымен (29.11.2018 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 28.12.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
16-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Жоғарғы Сотының 28.11.2024 жылғы № 4 Нормативтік Қаулысына сәйкес (07.12.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 25.12.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
17. АК-нің 49-бабының 3-тармағына сәйкес заңды тұлғаны таратуды жүзеге асыру жөнiндегi мiндеттер оның мүлкiнің меншiк иесіне, меншік иесі уәкілеттік берген органға, заңды тұлғаны таратуға оның құрылтай құжаттарында уәкiлеттiк берiлген органға, заңды тұлғаны мәжбүрлеп тарату рәсіміне бастамашылық жасаған органға (тұлғаға) не өзге органға (тұлғаға), егер осы органның (тұлғаның) заңды тұлғаны тарату жөнiндегi функцияларды жүзеге асыруы Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмесе, жүктелуi мүмкiн.
17-тармақ өзгертілді ҚР Жоғарғы Сотының 07.12.2023 жылғы № 4 Нормативтік қаулысымен (29.11.2018 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 28.12.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
17-тармақ өзгертілді ҚР Жоғарғы Сотының 28.11.2024 жылғы № 4 Нормативтік Қаулысымен (07.12.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 25.12.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Жоқ заңды тұлғаларды тарату және банкроттық рәсімдерін жүргізу республикалық бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылуына байланысты сот жоқ заңды тұлғаны, сондай-ақ жоқ борышкерді таратуды ұйымдастыру және қамтамасыз ету жөніндегі міндетті сот уәкілетті органға жүктейді.
18. Соттың жоқ заңды тұлғаны тарату туралы не жоқ борышкердің дәрменсіздігі (банкроттығы) туралы шешімі заңды тұлғаны тарату рәсімдері аяқталғанға дейін заңды тұлғалардың мемлекеттік тіркелімінен шығарып тастау үшін негіз болып табылмайды.
18-тармақ өзгертілді ҚР Жоғарғы Сотының 07.12.2023 жылғы № 4 Нормативтік қаулысымен (29.11.2018 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 28.12.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
18-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Жоғарғы Сотының 28.11.2024 жылғы № 4 Нормативтік Қаулысына сәйкес (07.12.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 25.12.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Жоқ заңды тұлғаны мәжбүрлі түрде тарату туралы немесе жоқ борышкерді банкрот деп тану туралы заңды күшіне енген сот шешімінің көшірмесі тиісті тіркеуші органға және статистика жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның аумақтық бөлімшесіне мәлімет үшін жіберіледі.
19. Жоқ заңды тұлғаны тарату кезінде табылған мүлік таратуға байланысты шығыстарды өтеуге, қалған мүлік АК-нің 50-бабының 8-тармағына сәйкес құрылтай құжаттарында көрсетілген мақсаттарға жұмсалады.
19-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Жоғарғы Сотының 28.11.2024 жылғы № 4 Нормативтік Қаулысына сәйкес (07.12.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 25.12.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
20. Сот тарату рәсімдерін жүргізу жөніндегі міндеттерді жүктеген тұлға сотқа өзінің қызметі туралы қорытынды есепті және тарату балансын ұсынады.
20-тармақ өзгертілді ҚР Жоғарғы Сотының 29.11.2018 жылғы № 18 Нормативтік қаулысымен (30.12.2011 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 26.12.2018 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
20-тармақ өзгертілді ҚР Жоғарғы Сотының 28.11.2024 жылғы № 4 Нормативтік Қаулысымен (07.12.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 25.12.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Сот ұсынылған құжаттарды он бес күн мерзімінен кешіктірмей қарайды және есепті бекіту туралы және конкурстық іс жүргізуді аяқтау (тарату) туралы немесе есепті бекітуден бас тарту туралы ұйғарым шығарады.
Егер есепте жоқ заңды тұлғаны немесе жоқ борышкерді тарату кезінде қажетті рәсімдерді жүзеге асыру туралы жеткілікті мәліметтер мен дәлелдемелер болмаған жағдайда сот есепті бекітуден бас тарта алады.
Егер жоқ борышкердің кредиторлары тарату міндеті жүктелген адамның әрекеттеріне, шешімдеріне шағым жасаса, сот есепті шағым бойынша қабылданған сот актісі заңды күшіне енгеннен кейін ғана қарайды.
21. Уәкілетті органға тарату рәсімін жүргізу міндеті жүктелген кезде оған әкімшінің Заңда көзделген құқықтары мен міндеттері ауысады. Банкротта активтер, сондай-ақ, Заңның 7-бабында көзделген негіздер бойынша жарамсыз деп тануға жататын мәмілелер болмаған жағдайда уәкілетті орган бір айлық мерзімде қорытынды есепті және тарату балансын кредиторлар жиналысына келісу үшін ұсынуға міндетті. Уәкілетті орган кредиторлар жиналысымен келіскен кезден бастап екі жұмыс күні ішінде қорытынды есеп пен тарату балансын бекіту үшін сотқа ұсынуға міндетті, сот қорытынды есепті бекіткеннен кейін үш жұмыс күні ішінде банкроттың банктік шоттарын жабуға және мемлекеттік кіріс органына салық төлеуші куәлігін және қосылған құн салығы бойынша есепке қою туралы куәлікті (егер ол бар болса) тапсыруға міндетті.
21-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Жоғарғы Сотының 29.11.2018 жылғы № 18 Нормативтік қаулысына сәйкес (30.12.2011 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 26.12.2018 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
21-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Жоғарғы Сотының 28.11.2024 жылғы № 4 Нормативтік Қаулысына сәйкес (07.12.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 25.12.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
22. Сот ұйғарымының қарар бөлігінде уәкілетті органға заңды тұлғаны тарату туралы шешімнің және тарату рәсімдерінің аяқталғаны туралы ұйғарымның көшірмесін тіркеуші органға жіберу жөнінде тапсырма қамтылуы тиіс.
22-тармақ өзгертілді ҚР Жоғарғы Сотының 07.12.2023 жылғы № 4 Нормативтік қаулысымен (29.11.2018 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 28.12.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
22-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Жоғарғы Сотының 28.11.2024 жылғы № 4 Нормативтік Қаулысына сәйкес (07.12.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 25.12.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Егер заңды тұлға мемлекеттік тіркеуден өтпесе, арыз беруші сотқа жүгінген кезде ұсынған жоқ заңды тұлға мен жоқ борышкердің түпнұсқа құрылтай құжаттары сот актілерінің көшірмелерімен бірге тіркеуші органға бір мезгілде беріледі.
Тіркеуші орган заңды тұлғаны тарату туралы бұйрық шығарғаннан кейін және бұл туралы мәліметтер Бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдеріне енгізілгеннен кейін ғана заңды тұлғаның таратылуы аяқталды, ал заңды тұлға жұмыс істеуін тоқтатты деп есептеледі.
23. Қазақстан Республикасы Конституциясының 4-бабына сәйкес осы нормативтік қаулы қолданыстағы құқық құрамына қосылады, жалпыға бірдей міндетті болып табылады және алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
23-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Жоғарғы Сотының 28.11.2024 жылғы № 4 Нормативтік Қаулысына сәйкес (07.12.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 25.12.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)