Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 19.02.2014
«Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ұйымдары желісінің мемлекеттік нормативін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 желтоқсандағы № 2131 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 27 тамыздағы № 975 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 06.05.2014 жылдан бастап ҚР Үкіметінің 19.02.2014 жылғы № 114 Қаулысына сәйкес
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
1. «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ұйымдары желісінің мемлекеттік нормативін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 желтоқсандағы № 2131 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 59, 525-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ұйымдары желісінің мемлекеттік нормативінде:
«2) патологиялық-анатомиялық бюро дербес заңды тұлға ретінде немесе орталықтандырылған патологиялық-анатомиялық бөлімше ретінде облыстық деңгейде, республикалық маңызы бар қалада, астанада және халқының саны 300000-нан (үш жүз мың) астам адам болатын қалаларда стационарлық көмек көрсететін ұйымның құрылымдық бөлімшесі ретінде құрылады.
Аудандық деңгейде орталықтандырылған патологиялық-анатомиялық бөлімше стационарлық көмек көрсететін ұйымның құрылымдық бөлімшесі ретінде құрылады.».
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.Мәсімов
Полная версия
ИС BestProfi