Близость слов: Окончание:





Әуе кемелерінің ұшу қауіпсіздігіне қатер төндіруі мүмкін қызметті жүзеге асыруға рұқсаттар беру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 12 мамырдағы № 504 Қаулысы
Осы Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 13.05.2023 жылғы № 363 Қаулысына сәйкес (21.05.2013 ж. редакцияны қараңыз)
Редакция 29.05.2023 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңының 13-бабының 42) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Әуе кемелерінің ұшу қауіпсіздігіне қатер төндіруі мүмкін қызметті жүзеге асыруға рұқсаттар беру қағидалары бекітілсін.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 13.05.2023 жылғы № 363 Қаулысына сәйкес (21.05.2013 ж. редакцияны қараңыз)
2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) «Әуе кемелерінің ұшу қауіпсіздігіне қатер төндіру ықтимал қызметті жүзеге асыруға рұқсат беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 7 шілдедегі № 666 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы 2003 ж., № 28, 274-құжат);
2) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 7 шілдедегі № 666 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 16 сәуірдегі № 528 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы 2009 ж., № 19, 172-құжат).
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2011 жылғы 12 мамырдағы
 № 504 қаулысымен
 бекітілген
Әуе кемелерінің ұшу қауіпсіздігіне қатер төндіруі мүмкін қызметті жүзеге асыруға рұқсаттар беру қағидалары
Осы Қағида өзгертілді ҚР Үкіметінің 21.05.2013 жылғы № 507 Қаулысымен (12.05.2011 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 19.06.2013 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Осы Қағида жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 13.05.2023 жылғы № 363 Қаулысына сәйкес (21.05.2013 ж. редакцияны қараңыз)
1. Осы Әуе кемелерінің ұшу қауіпсіздігіне қатер төндіруі мүмкін қызметті жүзеге асыруға рұқсаттар беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 13-бабының 42) тармақшасына сәйкес әзірленді және заңды және жеке тұлғалардың әуе кемелерінің ұшу қауіпсіздігіне қатер төндіруі мүмкін қызметін жүзеге асыруға рұқсаттар беру тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар мен терминдер:
1) азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган – Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану мен азаматтық және эксперименттік авиация қызметі саласындағы басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
2) азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым (бұдан әрі – уәкілетті ұйым) – жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын, Қазақстан Республикасының азаматтық авиация саласын орнықты дамытуды, ұшу қауіпсіздігі мен авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған қызметті жүзеге асыратын акционерлік қоғам;
3) аэронавигациялық зерттеу – ықтимал шешімдерді айқындау және ұшу қауіпсіздігі деңгейін төмендетпей қолайлы шешімді таңдау мақсатында авиациялық проблеманы зерделеу;
4) әуе кемелерінің ұшу қауіпсіздігіне қатер төндіруі мүмкін қызметті жүзеге асыруға рұқсат (бұдан әрі – рұқсат) – осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым немесе мемлекеттік авиация саласындағы уәкілетті орган беретін, заңды және жеке тұлғалардың әуе кемелерінің ұшу қауіпсіздігіне қатер төндіруі мүмкін қызметті жүзеге асыру құқығын растайтын құжат;
5) әуеайлақ маңындағы аумақ – әуеайлақтың бақылау нүктесінде (бұдан әрі – ӘБН) орналасқан орталығы және азаматтық және мемлекеттік авиация саласындағы уәкілетті орган айқындайтын радиусы бар жер бетіндегі аумақ;
Полная версия
ИС BestProfi