Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Документ показан в демонстрационном режиме!
Осы редакция 09.10.2012 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 27 мамырдағы № 589 Қаулысы
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 27 мамырдағы № 589 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер
1. «Агроөнеркәсіптік кешенді мамандандырылған ұйымдардың қатысуымен қолдаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 7 шілдедегі № 645 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 25, 257-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Агроөнеркәсіптік кешенді мамандандырылған ұйымдардың қатысуымен қолдау ережесі осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. «Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 11 желтоқсандағы № 220 Жарлығын іске асыру жөніндегі іс-шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 23 желтоқсандағы № 1247 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 49, 518-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген акцияларының мемлекеттік пакеттері «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ-ның орналастырылатын акцияларын төлеуге берілетін акционерлік қоғамдардың тізбесінде:
реттік нөмірі 5-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«5. «ҚазАгроӨнім» акционерлік қоғамы».
3. «Сатып aлу операцияларын және баға интервенцияларын жүзеге асырудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 17 шілдедегі № 602 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 24, 283-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген сатып алу операцияларын және баға интервенцияларын жүзеге асыру жөніндегі мамандандырылған ұйымдардың тізбесінде:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. «ҚазАгроӨнім» акционерлік қоғамы».
4. «Отандық өндірушілерден ауыл шаруашылығы өнімін және оның терең қайта өңдеу өнімдерін сатып алуды, сондай-ақ оларды сақтау, қайта өңдеу, тасымалдау жөніндегі қызметтерді жүзеге асыратын мамандандырылған ұйымдардың (агенттердің) тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 19 қарашадағы № 1106 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 43, 512-құжат):
Полная версия