Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 20.07.2016
Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiнiң мәтiндерiн кейiннен ресми жариялау ережесiн бекiту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы. 2002 жылғы 22 тамыз N 938
Тақырыбы өзгертілді ҚР Үкіметінің 14.02.2006 № 99 Қаулысымен (22.08.2002 жылғы редакцияны қараңыз)
Осы Қаулы күшін жойды 2016 жылғы 20 шілдеден бастап ҚР Үкіметінің 30.06.2016 жылғы № 387 Қаулысына сәйкес
Редакция 25.12.2009 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
"Нормативтiк құқықтық актiлер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 30-бабын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiнiң мәтiндерiн кейiннен ресми жариялау ережесi бекiтiлсiн.
1-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 14.02.2006. № 99 қаулысымен. (22.08.2002 жылғы редакцияны қараңыз)
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасы
 Yкiметінiң
 2002 жылғы 22 тамыздағы
 N 938 қаулысымен
 бекiтiлген
Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң мәтiндерiн кейiннен ресми жариялаудың ережесi
Мәтіндегі сөздер ауыстырылды ҚР Үкіметінің 14.02.2006. № 99 қаулысымен. (22.08.2002 жылғы редакцияны қараңыз)
1. Осы Ереже "Нормативтiк құқықтық актiлер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 30-бабын iске асыру мақсатында әзiрлендi және Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң мәтiндерiн кейiннен ресми жариялаудың тәртiбiн айқындайды.
2. "Нормативтiк құқықтық актiлер туралы" Қазақстан Республикасы  Заңының   3-бабында түрлерi көзделген Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң мәтiндерiн кейiннен ресми жариялауды (бұдан әрi - кейiннен жариялау) осы Ережеде белгiленген тәртiппен осындай құқық алған баспа басылымдары жүзеге асырады.
3. Осы Ереже нормативтiк құқықтық актiлердiң мәтiндерiн кейiннен ресми жариялау қажеттiгi туралы дербес шешiм қабылдайтын Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысына және Қазақстан Республикасының Президентi мен Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң актiлер жинағына қолданылмайды.
4. Нормативтiк құқықтық актiлердiң мәтiндерiн кейiннен ресми жариялауды баспа басылымдары және олар жариялайтын мәтiндер Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң эталондық бақылау банкiне сәйкестiк сараптамасынан өткiзiлуi шартымен және кейiннен ресми жариялауға облыстық, республикалық маңызы бар қала мен астананың аумақтық органдары берген (бұдан әрі - аумақтық органдар) құқықты алғаннан кейiн жүзеге асырады.
4-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 25.12.2009 № 2206 Қаулысымен. (14.02.2006 жылғы редакцияны қараңыз)
5. Осы Ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылады: 
1) сараптама - оның барысында баспа басылымдары ұсынатын нормативтiк құқықтық актiлер мәтiндерiнiң эталондық бақылау банкiнде сақталатын нормативтiк құқықтық актiлердiң ресми мәтiндерiне сәйкестiгiн тексерудi уәкiлеттi орган жүзеге асыратын рәсiм; 
2) макет - кейiннен ресми жариялауға жататын нормативтiк құқықтық акт мәтінінің алдын ала үлгiсі.
2. Кейiннен ресми жариялауға құқық алу үшiн қажеттi құжаттар
6. Кейiннен ресми жариялауға құқық алу мақсатында баспа басылымы аумақтық органдарға мынадай құжаттарды ұсынады: 
1) кейiннен ресми жариялауға құқық алуға арналған уәкiлеттi орган белгiлеген нысандағы өтiнiш;
2) баспа басылымының заңнамада белгiленген тәртiппен куәландырылған құрылтай құжаттарының көшiрмелерi;
3) макет.
6-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 25.12.2009 № 2206 Қаулысымен. (14.02.2006 жылғы редакцияны қараңыз)
7. Аумақтық органдар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен сараптама жүргiзуге және кейiннен ресми жариялауға құқық алу үшiн қажеттi өзге де материалдарды сұратуға құқылы.
7-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 25.12.2009 № 2206 Қаулысымен. (14.02.2006 жылғы редакцияны қараңыз)
3. Кейiннен ресми жариялауға құқық алудың шарттары мен тәртiбi
8. Осы Ереженiң 6-тармағында көрсетiлген қажеттi құжаттар келiп түскеннен кейiн аумақтық органдар 30 күнтiзбелiк күн iшiнде сараптама жүргiзедi.
8-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 25.12.2009 № 2206 Қаулысымен. (14.02.2006 жылғы редакцияны қараңыз)
9. Жүргiзiлген сараптама нәтижелерi бойынша аумақтық органдар кейiннен ресми жариялауға құқық беру туралы не оны беруден бас тарту туралы шешiм қабылдайды.
9-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 25.12.2009 № 2206 Қаулысымен. (14.02.2006 жылғы редакцияны қараңыз)
10. Аумақтық органдардың оң қорытындысы болған кезде баспа басылымы кейiннен ресми жариялауға құқық алады.
Бұл ретте аумақтық органдар кейiннен жариялануға тиiс нормативтiк құқықтық актiнiң мәтiнiне "Ресми мәтiн" деген мөртаңба қояды.
10-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 25.12.2009 № 2206 Қаулысымен. (14.02.2006 жылғы редакцияны қараңыз)
11. Кейiннен ресми жариялауға құқық беруден, егер: 
1) осы Ереженiң 6-тармағында көзделген барлық қажеттi құжаттар немесе осы Ереженiң 7-тармағына сәйкес аумақтық органдар сұратуға құқығы бар материалдар ұсынылмаған; 
2) осы Ереженiң 6-тармағында көзделген құжаттарда немесе осы Ереженің 7-тармағына сәйкес аумақтық органдардың сұратуға құқығы бар материалдарда ақпарат толық емес немесе шынайы емес ақпарат көрсетiлген;
3) аумақтық органдардың терiс қорытындысы шығарылған жағдайда бас тартылуы мүмкiн.
11-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 25.12.2009 № 2206 Қаулысымен. (14.02.2006 жылғы редакцияны қараңыз)
12. Аумақтық органдар кейiннен ресми жариялауға құқық беруден бас тартылған жағдайда баспа басылымына бас тарту себептерiн көрсете отырып, дәлелдi хат жiбередi, сондай-ақ баспа басылымына ұсынылған барлық құжаттар мен материалдарды қайтарады.
12-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 25.12.2009 № 2206 Қаулысымен. (14.02.2006 жылғы редакцияны қараңыз)
13. Кейiннен жариялау құқығын алған баспа басылымдары нормативтiк құқықтық актiлердi Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiнiң эталондық бақылау банкiне сәйкес корректорлық және редакторлық түзетулер мен қысқартусыз ресми мәтiндерiн оларға дәлме-дәл сәйкестiкте жариялауға тиiс.
14. Баспа басылымдары нормативтiк құқықтық актiлердiң мәтiндерiн кейiннен ресми жариялау кезiнде олардың қолданысқа енгiзiлген күнiн мiндеттi түрде көрсетуге тиiс.
15. Нормативтiк құқықтық актiлердiң мәтiндерiн кейiннен ресми жариялау кезiнде жарияланатын нормативтiк құқықтық актiлерге баспа басылымдарының қандай да бiр түсiнiктемесiне рұқсат берiлмейдi.
16. Осы Ереженiң сақталуын бақылауды аумақтық органдар жүзеге асырады.
16-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 25.12.2009 № 2206 Қаулысымен. (14.02.2006 жылғы редакцияны қараңыз)
Полная версия
ИС BestProfi