Близость слов: Окончание:





Документ показан в демонстрационном режиме!
Осы редакция 31.03.2007 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң заң жобалау жұмыстарының 2007 жылға арналған жоспары туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 2 ақпандағы N 78 Қаулысы       
Қазақстан Республикасының Үкiметi   ҚАУЛЫ ЕТЕДI : 
1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң заң жобалау жұмыстарының 2007 жылға арналған жоспары (бұдан әрi - Жоспар) бекiтiлсiн. 
2. Қазақстан Республикасы Үкiметiнің заң жобалау жұмысын үйлестiру және осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiне жүктелсiн. 
3. Жоспарда көзделген заң жобаларын әзiрлеуші мемлекеттiк органдар заң жобаларын Жоспарда белгiленген айдың 20-күнiнен кешіктiрмей Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiне және Қазақстан Республикасының Үкiметiне ұсынсын. 
4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2007 жылғы 2 ақпандағы
 N 78 қаулысымен
 бекітілген
Полная версия
ИС BestProfi