1. Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 15 қарашадағы N 702 Жарлығымен құрылған Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесінің құрамына мынадай өзгерістер енгізілсін:
Внимание! Документ утратил силу с 21.11.2008
Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесінің құрамындағы өзгерістер туралы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы 2002 жылғы 21 наурыз N 826
Жарлықтың күшін жойды ҚР Президентінің 2008 жылғы 21 қарашадағы № 696 Жарлығымен.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 82-бабының 4-тармағына, "Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы" 2000 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 36-бабының 1-тармағына, "Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі туралы" 2001 жылғы 28 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабына сәйкес қаулы етемін:
Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары - Мемлекеттік-құқық бөлімінің меңгерушісі Рогов Игорь Иванович Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесінің төрағасы болып;
Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесінің мүшелері болып:
Қазақстан Республикасының Әділет министрі Ким Георгий Владимирович, Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің төрағасы міндетін атқарудан босата отырып, Қазақстан Республикасы Адвокаттар одағының президенті Қуанышбаева Роза Сақтағанқызы; Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің хатшысы болып Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Мемлекеттік-құқық бөлімінің бас сарапшысы Шантаев Дәулет Тұрсынұлы тағайындалсын; Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесінің құрамынан Б.Ә.Байболов, Т.З.Бердімбетова, Б.Ә.Мұхаметжанов шығарылсын. 2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының Президенті Мамандар: Қасымбеков Б.А. Багарова Ж.А.
Полная версия