1. "Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 24 желтоқсандағы N 1362 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., N 50, 648-құжат) мынадай толықтырулар мен өзгеріс енгізілсін:
Внимание! Документ утратил силу с 26.01.2009
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 24 желтоқсандағы N 1362 қаулысына толықтырулар мен өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 23 желтоқсандағы N 1280 Қаулысы
Қаулының күшін жойды ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 26 қаңтардағы № 45 Қаулысымен.(2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілуі тиіс)
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасында:
1) бюджет түсімдерінің сыныптамасында:
1 "Салықтық түсімдер" санатында:
06 "Халықаралық сауда мен сыртқы операцияларға салынатын салықтар" сыныбында:
1 "Кеден төлемдері" ішкі сыныбында:
04 "Кеден бажының бірыңғай ставкасын енгізу нәтижесінде жеке тұлғалардан өндіріп алынатын әкелінетін тауарларға салынатын кеден баждары" ерекшелігінде:
"Қолданылуы аяқталатын күн" деген баған "01.01.06" деген сандармен толықтырылсын;
2 "Салықтық емес түсімдер" санатында:
04 "Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетінен (шығыстар сметасынан) ұсталатын және қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер салатын айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар" сыныбында:
1 "Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетінен (шығыстар сметасынан) ұсталатын және қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер салатын айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар" ішкі сыныбында:
02 "Казино, тотализаторлар және ойын бизнесі қызметінен алынған кірістерді қоспағанда, оған қатысты лицензиялық тәртіп белгіленген лицензиясыз қызметтен түскен кірістерді алудан түсім" және 15 "Банктік операциялардың жеке түрлерін жүзеге асыратын банктер мен ұйымдардан, салық заңнамасында белгіленген міндеттемелерді орындамағаны үшін ұсталатын айыппұлдар сомасынан түсетін түсімдер" ерекшеліктері бойынша:
"Қолданылуы аяқталатын күн" деген баған "01.01.06" деген сандармен толықтырылсын;
2) бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасы осы қаулыға қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
3) бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасында:
1 "Ағымдағы шығындар" санатында:
1 "Тауарлар мен қызметтерге арналған шығындар" сыныбында:
140 "Қызметтер мен жұмыстарды сатып алу" ішкі сыныбы мынадай мазмұндағы 148-ерекшелікпен толықтырылсын:
Полная версия