Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 26.01.2009
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 24 желтоқсандағы N 1362 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 11 қыркүйектегі N 845 Қаулысы       
Қаулының күшін жойды ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 26 қаңтардағы № 45 Қаулысымен.(2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілуі тиіс)
Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:  
1. "Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 24 желтоқсандағы N 1362 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 50, 648-құжат) мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін: 
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасында: 
1) бюджет түсімдерінің сыныптамасында: 
04 "Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетінен (шығыстар сметасынан) ұсталатын және қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер салатын айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар" сыныбында: 
1 "Мұнай секторы кәсіпорындарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетінен (шығыстар сметасынан) ұсталатын және қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер салатын айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар" ішкі сыныбында мынадай мазмұндағы 15, 16-ерекшеліктермен толықтырылсын: 
"15 Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарына республикалық бюджеттен берілген бюджеттік кредиттер (қарыздар) бойынша айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар; 
16 Аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарына облыстық бюджеттен берілген бюджеттік кредиттер бойынша айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар"; 
2) бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасында: 
1 "Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер" функционалдық тобында: 
05 "Жоспарлау және статистикалық қызмет" кіші функциясында: 
220 "Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі" бюджеттік бағдарламасының әкімшісі бойынша: 
мынадай мазмұндағы бюджеттік бағдарламамен толықтырылсын: 
"024 "Қазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығы" АҚ-ның жарғылық капиталын қалыптастыру"; 
3 "Қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік, құқықтық, сот, қылмыстық-атқару қызметі" функционалдық тобында: 
01 "Құқық қорғау қызметі" кіші функциясында: 
201 "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі" бюджеттік бағдарламасының әкімшісі бойынша 016 "Жүргізуші куәліктерін, көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу үшін қажет құжаттарды және нөмір белгілерін дайындау" деген бюджеттік бағдарлама мынадай редакцияда жазылсын: 
"016 Жүргізуші куәліктерін, көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу үшін қажет құжаттарды, нөмір белгілерін дайындау"; 
Полная версия
ИС BestProfi