Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 26.01.2009
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 24 желтоқсандағы N 1362 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 5 желтоқсандағы N 1143 Қаулысы       
Қаулының күшін жойды ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 26 қаңтардағы № 45 Қаулысымен.(2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілуі тиіс)
Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:  
1. "Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 24 желтоқсандағы N 1362 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 50, 648-құжат) мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін: 
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасында: 
4 "Трансферттердің түсімдері" санатында: 
04 "Ұлттық қордан трансферттер" сыныбында: 
1 "Күрделі нысаналы трансферттер" кіші сыныбы мынадай мазмұндағы 03 ерекшелікпен толықтырылсын: 
"03 Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан Республикалық бюджетке берілетін нысаналы трансферт"; 
Бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасында: 
05 "Денсаулық сақтау" функционалдық тобында: 
03 "Мамандандырылған медициналық көмек" кіші функциясында: 
226 "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі" бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша: 
028 "Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне дәрілік заттарды, вакциналарды және басқа иммундық-биологиялық препараттарды сатып алуға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер" бюджеттік бағдарламасы мынадай мазмұндағы 107 бюджеттік кіші бағдарламамен толықтырылсын: 
"107 Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне гемофилиямен ауыратын ересек адамдарды емдеу кезінде қанның ұюы факторларын сатып алуға ағымдағы нысаналы трансферттер"; 
253 "Облыстың денсаулық сақтау басқармасы" бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша мынадай мазмұндағы 011 және 015 бюджеттік кіші бағдарламалары бар 026 бюджеттік бағдарламамен толықтырылсын: 
"026 Гемофилиямен ауыратын ересек адамдарды емдеу кезінде қанның ұюы факторларымен қамтамасыз ету"; 
"011 Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебінен"; 
"015 Жергілікті бюджет қаражаты есебінен"; 
353 "Республикалық маңызы бар қаланың, астананың денсаулық сақтау басқармасы" бюджеттік бағдарламасының әкімшісі бойынша бюджеттік бағдарлама мынадай мазмұндағы 011 және 015 кіші бағдарламалары бар 026 бюджеттік бағдарламамен толықтырылсын: 
"026 Гемофилиямен ауыратын ересек адамдарды емдеу кезінде қанның ұюы факторлармен қамтамасыз ету"; 
"011 Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебінен"; 
"015 Жергілікті бюджет қаражаты есебінен"; 
06 "Әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандыру" функционалдық тобында: 
09 "Әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамтамасыз ету салаларындағы өзге де қызметтер" кіші функциясында: 
213 "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі" бюджеттік бағдарламасының әкімшісі бойынша мынадай мазмұндағы 053 бюджеттік бағдарламамен толықтырылсын: 
"053 "Мемлекеттік аннуитеттік компания" АҚ-ның жарғылық капиталын ұлғайту"; 
08 "Мәдениет, спорт, туризм және ақпаратты кеңістік" функционалдық тобында: 
09 "Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістікті ұйымдастыру жөніндегі өзге де қызметтер" кіші функциясында: 
205 "Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі" бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша: 
001 "Туризм және спорт саласындағы уәкілетті органның қызметін қамтамасыз ету" бюджеттік бағдарламасы бойынша мынадай мазмұндағы 002 бюджеттік кіші бағдарламамен толықтырылсын: 
"002 Аумақтық органдардың аппараттары"; 
мынадай мазмұндағы 021 бюджеттік бағдарламамен толықтырылсын: 
021 "Бурабай" арнайы экономикалық аймағын дамыту"; 
09 "Отын-энергетика кешені және жер қойнауын пайдалану" функционалдық тобында: 
01 "Отын және энергетика" кіші функциясында: 
231 "Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі" бюджеттік бағдарламасының әкімшісі бойынша 053 "Атырау облысында бірінші интеграцияланған газ-химия кешенін салуға "Қазына" орнықты даму қоры" АҚ-на кредиттік ресурстар беру" бюджеттік бағдарламасы мынадай редакцияда жазылсын: 
053 "Атырау облысында бірінші біріктірілген газ-химия кешенін салуға "Қазақстанның Даму Банкі" АҚ-на кредиттік ресурстар беру"; 
104 "Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі" бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша: 
019 "Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ұлттық Банкінің жанындағы Ұлттық талдамалық орталық" АҚ-ның жарғылық капиталын қалыптастыру" бюджеттік бағдарламасы мынадай редакцияда жазылсын: 
"019 Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ұлттық Банкінің жанындағы Ұлттық талдамалық орталық" АҚ-ның жарғылық капиталын қалыптастыру мен ұлғайту"; 
217 "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі" бюджеттік бағдарламасының әкімшісі бойынша мынадай мазмұндағы 041 бюджеттік бағдарламамен толықтырылсын: 
041 "Стресті активтер қоры" АҚ-ның жарғылық капиталын қалыптастыру және ұлғайту"; 
220 "Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі" бюджеттік бағдарламасының әкімшісі бойынша мынадай мазмұндағы 025 бюджеттік бағдарламамен толықтырылсын: 
025 "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ-ның жарғылық капиталын ұлғайту"; 
233 "Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі" бюджеттік бағдарламасының әкімшісі бойынша: 
060 "Бурабай" арнайы экономикалық аймағын дамыту" бюджеттік бағдарламасы алынып тасталсын; 
602 "Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігі (Монополияға қарсы агенттік)" бюджеттік бағдарламасының әкімшісі бойынша мынадай мазмұндағы 004 бюджеттік бағдарламамен толықтырылсын: 
004 "Бәсекелестік саясатты дамыту және қорғау орталығын құру". 
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Полная версия
ИС BestProfi