Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 11.04.2013
Жекелеген салық төлеушілердің уақытша әкелінген тауарларды, көлік құралдарын Қазақстан Республикасының аумағынан кейіннен әкету туралы міндеттемені ұсыну және оны орындау қағидалары мен нысанын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 желтоқсандағы № 1656 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды ҚР Үкіметінің 11.04.2013 жылғы № 332 Қаулысына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 13.04.2013 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің (Салық кодексі) 276-15-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
1) Жекелеген салық төлеушілердің уақытша әкелінген тауарларды, көлік құралдарын Қазақстан Республикасының аумағынан кейіннен әкету туралы міндеттемені ұсыну және оны орындау қағидалары;
2) уақытша әкелінген тауарларды, көлік құралдарын Қазақстан Республикасының аумағынан кейіннен әкету туралы міндеттеменің нысаны бекітілсін.
2. Осы қаулы 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2011 жылғы 30 желтоқсандағы
 № 1656 қаулысымен
 бекітілген
Жекелеген салық төлеушілердің уақытша әкелінген тауарларды, көлік құралдарын Қазақстан Республикасының аумағынан кейіннен әкету туралы міндеттемені ұсыну және оны орындау қағидалары
1. Жекелеген салық төлеушілердің уақытша әкелінген тауарларды, көлік құралдарын Қазақстан Республикасының аумағынан кейіннен әкету туралы міндеттемені ұсыну және оны орындау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің (Салық кодексі) 276-15-бабын іске асыру мақсатында әзірленген және салық төлеушілердің уақытша әкелінген тауарларды, көлік құралдарын Қазақстан Республикасының аумағынан кейіннен әкету туралы міндеттемені ұсыну және оны орындау тәртібін реттейді.
Жекелеген салық төлеушілер – Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен Қазақстан Республикасының аумағына уақытша әкелу қосылған құн салығын төлеуден босатылатын тауарлардың тізбесінде көзделген тауарларды уақытша әкелуді жүзеге асыратын тұлғалар.
2. Уақытша әкелінген тауарларды, көлік құралдарын Қазақстан Республикасының аумағынан кейіннен әкету туралы міндеттеме (бұдан әрі – Міндеттеме) Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына уақытша әкелінген тауарлар, көлік құралдары туралы ақпаратты көрсетуге арналған және Қазақстан Республикасының аумағынан тауарларды кейіннен әкету жөніндегі міндеттемені қамтиды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген мерзімдерде тауарларды, көлік құралдарын кейіннен әкетпеген жағдайда импортқа қосылған құн салығын есептеуге негіз болатын құжат болып табылады.
2. Міндеттемені ұсыну тәртібі мен мерзімдері
3. Міндеттеме қағаз тасығыштарда ұсынылады. Міндеттеме қағаз тасығышта қара немесе көк сиялы қаламмен немесе қаламұшпен, баспаханалық бас әріптермен немесе баспа құрылғысы пайдаланыла отырып толтырылады.
Қағаз тасығыштағы Міндеттеме екі данада жасалады, бір данасы салық органының белгісімен салық төлеушіге қайтарылады.
Қағаз тасығыштағы Міндеттемеге салық төлеуші не оның уәкілетті өкілі қол қояды және салық төлеушінің мөрімен (бар болған жағдайда) куәландырылады.
Міндеттемені толтыру кезінде түзетуге, өшіруге және тазалауға жол берілмейді.
4. Міндеттемеге тауарлардың, көлік құралдарының әкелінуін растайтын құжаттар қоса беріледі:
Полная версия
ИС BestProfi