Близость слов: Окончание:





Документ показан в демонстрационном режиме!
Бюджеттік есепке алуды жүргізу ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2009 жылғы 16 қарашадағы N 495 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2009 жылғы 3 желтоқсанда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5962 болып енгізілді
Осы редакция 20.09.2010 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 122-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Бюджеттік есепке алуды жүргізу ережесі бекітілсін.
2. Осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті (Қ.М. Досмұқаметов) осы бұйрықтың заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның кейіннен ресми бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
 Қаржы министрінің
 2009 жылғы 16 қарашадағы
 N 495 бұйрығымен бекітілген
Бюджеттік есепке алуды жүргізу ережесі
1. Осы Ереже Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне (әрі қарай - Бюджет кодексі) сәйкес әзірленді және республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуын бюджеттік есепке алуды жүргізудің тәртібін анықтайды.
Бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган органдар осы Ережеге сәйкес бюджеттік есепке алуды жүргізуді жүзеге асырады.
Бюджеттiк есепке алу – бірыңғай қазынашылық шоттан (әрі қарай - БҚШ), қолма-қол ақшаны бақылау шоттары (әрі қарай – ҚБШ) және мемлекеттік мекемелердің шоттарының операциялары, Қазақстан Республикасының бюджеттік заңнамасымен реттелген Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың талаптары мен міндеттемелері туралы ақшалай түрдегі ақпаратты жинаудың, тіркеудің және қорытындылаудың реттелген жүйесі.
Бюджеттік есепке алу шоттар жоспарына сәйкес операциялар қосарланған жазба тәсілімен шоттарда көрсетілетін кассалық негізде жүзеге асырылатын бюджеттерді атқаруды есепке алу болып табылады.
Бюджеттік есепке алу бюджет түсімдерін, бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламалар) іске асыруды қамтамасыз ету, бюджет тапшылығын қаржыландыру жөніндегі шаралар кешенін орындаумен және республикалық және жергілікті бюджеттерге түсімдерді есепке алу және республикалық және жергілікті бюджеттерден шығыстарын жүргізумен байланысты операцияларды есепке алуға арналған ҚБШ ақша қаражаттарының қозғалысымен байланысты барлық операцияларды қамтиды және бюджеттің атқарылуы кезіндегі оның жай-күйін сипаттауды қамтамасыз етеді.
Бюджеттiк есепке алу деректерi бюджеттiң атқарылуы жөніндегі есептiлiк жасаудың негiзі болып табылады.
Бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органның басшысы бюджеттік есепке алуды дұрыс жүргізу үшін қажетті жағдайлар жасайды, бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органның бюджеттік есепке алудың құрылымдық бөлімшелерінің осы Ережеде көзделген талаптардың бюджетті атқару жөніндегі бюджеттік есепке алуды жүргізу, құжаттарды және мәліметтерді есепке алу үшін ресімдеу және беру тәртібі бөлігінде орындалуын қамтамасыз етеді және ол үшін Қазақстан Республикасының заңнамаларында көзделген тәртіпте жауап береді.
2. Бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органның бюджеттік есепке алу жөніндегі құрылымдық бөлімшесінің басшысы өз жұмысында осы Ережені басшылыққа алады.
3. Бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органның бюджеттік есепке алу жөніндегі құрылымдық бөлімшесінің басшысы бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органның іске асыратын бюджетті атқару жөніндегі барлық операцияларының бюджеттік есепке алу шоттарында көрсетілуін Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 30 желтоқсандағы N 644 "Бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдардың бюджеттік есептілікті жасау және беру ережесін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5489 болып енгізілген) (әрі қарай - Бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдардың бюджеттік есептілікті жасау және беру ережесі) бұйрығымен белгіленген мерзімдерде бюджеттердің атқарылуы туралы есептердің жасалуын қамтамасыз етеді және бақылауды жүзеге асырады.
Полная версия
ИС BestProfi