Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 27.06.2025
"Бюджеттік есепке алуды жүргізу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2009 жылғы 16 қарашадағы № 495 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2012 жылғы 10 желтоқсандағы № 539 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылы 24 желтоқсанда № 8202 тіркелді
Осы Бұйрық 2025 жылдың 27 маусымнан бастап күшін жойды ҚР Қаржы министрінің 17.06.2025 жылғы № 290 Бұйрығына сәйкес 
1. «Бюджеттік есепке алуды жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2009 жылғы 16 қарашадағы № 495 (нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5962 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқару және басқа да мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілері 368-бап 2010 жылғы № 2 Бюллетенінде жарияланған) бұйрығына мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бюджеттік есепке алуды жүргізу ережесінде:
бесінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«осы Ереженің 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша Қолма-қол ақшаны бақылау шоттардың толық жазылуы (ақылы қызметтерінің ҚБШ, демеушілік, қайырымдылық көмектің ҚБШ, ақшаларды уақытша орналастыру ҚБШ, қаражатты тартуға арналған шоттар, Қазақстан Республикасының Ұлттық қордың (әрі қарай - Ұлттық қор), кеден одағының, квазимемлекеттiк сектор субъектiлерiнiң, соманы анықтауға дейінгі шоттарды есептеуге арналған);»;
мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
«осы Ереженің 26-қосымшасына сәйкес нысан бойынша БҚШ-тан Ұлттық банкісіне уақытша бос бюджеттік қаражаттарды (депозиттерді) орналастырылу бойынша анықтамасы;»;
10-тармақтың сегізінші және тоғызыншы бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазынашылық комитетінің балансы БҚШ, республикалық және жергілікті бюджет ҚБШ, сыртқы қарыздар бойынша шоттың, ақылы қызметтерінің ҚБШ, демеушілік, қайырымдылық көмектің ҚБШ, ақшаларды уақытша орналастыру ҚБШ, Ұлттық қордың, нысаналы қаржыландыру ҚБШ, кеден одағының шотында, квазимемлекеттiк сектор субъектiлерiнiң шотында, шетел валюта түрлерi бойынша шоттардың, соманы анықтауға дейінгі шоттардың, қаражатты тартуға арналған шоттың, ЖБ жетіспеушіліктері бойынша шоттары, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (әрі қарай - Ұлттық Банк) салымдарына (депозиттеріне) орналастыру шоттары бойынша қалдықтарын көрсетеді.
Жергілікті бюджеттің атқарылу балансы тиісті жергілікті бюджеттің ҚБШ, тиісті ақылы қызметтерінің ҚБШ, демеушілік, қайырымдылық көмектің ҚБШ, ақшаларды уақытша орналастыру ҚБШ, ЖБ жетіспеушіліктері бойынша, Ұлттық Банк салымдарына (депозиттеріне) орналастыру, сыртқы қарыздар бойынша және квазимемлекеттiк сектор субъектiлерiнiң шоттарының қалдық сомаларын көрсетеді.»;
«25. 3 «Қолма-қол ақшаны бақылау шоттары және ұлттық валютадағы басқа шоттар» шотында ҚБШ-дағы ұлттық валютадағы республикалық және жергілікті бюджеттер, тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу, демеушілік, қайырымдылық көмек, ақшаларды уақытша орналастыру, Ұлттық қоры, нысаналы қаржыландырулар, бөлінбеген түсімдер шоттарындағы, кеден одағы, квазимемлекеттiк сектор субъектiлерi бойынша ақша қозғалыстары, сондай-ақ Ұлттық банктегі салымдарға (депозиттерге) тартылған жергілікті бюджеттер ақшалары есепке алынады.
3 шот мынадай қосалқы шоттарға бөлінеді:
304 «РБ квазимемлекеттiк сектор субъектiлерiнің шоты»;
Полная версия
ИС BestProfi