Близость слов: Окончание:





Документ показан в демонстрационном режиме!
Осы редакция 05.11.2003 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
Қазақстан Республикасының Ұлттық кеңесі туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы. 2002 жылғы 29 сәуір N 857.
Республикалық баспасөзде жариялануға тиіс
Қазақстан Республикасы Конституциясының  44-бабының 20) тармақшасына сәйкес қаулы етемін: 
1. Қазақстан Республикасы Президентінің жанынан Қазақстан Республикасының Ұлттық кеңесі құрылсын. 
1) Қазақстан Республикасының Ұлттық кеңесі туралы ереже; 
2) Қазақстан Республикасы Ұлттық кеңесінің құрамы бекітілсін. 
3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасы Президентінің
 2002 жылғы 29 сәуірдегі
 N 857 Жарлығымен
 бекітілген
Қазақстан Республикасының Ұлттық Кеңесі туралы Ереже 
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық кеңесі (бұдан әрі - Ұлттық кеңес) Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады. 
2. Ұлттық кеңес қызметінің басты мақсаты мемлекеттік өмірдің неғұрлым маңызды мәселелері бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар тұжырымдау, барлық билік тармақтарының келісіп жұмыс істеуін және мемлекеттік органдардың халық алдындағы жауапкершілігін көтеруді қамтамасыз етуде, ішкі және сыртқы саясаттың негізгі бағыттарын айқындауда Мемлекет басшысына жәрдем көрсету болып табылады. 
3. Ұлттық кеңес өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы  мен заңнамасына, Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
2. Ұлттық кеңестің негізгі міндеттері
4. Ұлттық кеңестің негізгі міндеттері: 
мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын қозғайтын проблемалар жөнінде ұсыныстар тұжырымдау; 
Полная версия
ИС BestProfi