1. "Қазақстан Республикасының Ұлттық кеңесi туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2002 жылғы 29 сәуiрдегi N 857 Жарлығымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Ұлттық кеңесi туралы ережеге (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., N 12, 113-құжат) мынадай өзгерiстер мен толықтыру енгізілсін:
Внимание! Документ утратил силу с 08.05.2012
Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2002 жылғы 29 сәуірдегі N 857 Жарлығына өзгерiстер мен толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2003 жылғы 5 қарашадағы N 1222 Жарлығы
Күші жойылды ҚР Президентінің 08.05.2012 № 325 Жарлығымен. (05.11.2003 жылғы редакцияны қараңыз)
Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Қазақстан Республикасы Ұлттық кеңесiнiң қызметiн одан әрi жетiлдiру мақсатында және Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 20) тармақшасына сәйкес қаулы етемін:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Ұлттық Кеңес қызметiнiң басты мақсаттары мемлекеттiк өмiрдiң неғұрлым маңызды мәселелерi, мемлекеттiк органдардың халық алдындағы жауапкершілігiн көтеру жөнiнде ұсыныстар мен ұсынымдар тұжырымдау, азаматтық қоғам өкiлдерiмен кеңiнен талқылау негiзiнде iшкі және сыртқы саясаттың негiзгi бағыттарын айқындау.";
4-тармақта:
"барлық билiк бұтақтарының қатысуын қамтамасыз ету" деген сөздер "мемлекеттік органдардың, сондай-ақ азаматтық қоғам институттары мен халықтың түрлi әлеуметтiк топтарының өкiлдерiн тарту" деген сөздермен ауыстырылсын;
8-тармақта:
бiрiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"8. Ұлттық кеңестiң құрамы онда мемлекеттiк және мемлекеттiк емес ұйымдардың тең өкiлдiк етуi негiзiнде жасақталады. Кеңес мүшелерiнiң жартысы орталық мемлекеттiк органдар басшыларының, Қазақстан Республикасы Парламентi депутаттарының, облыстар (республикалық маңызы бар қала, астана), аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) әкiмдерi мен мәслихаттары хатшыларының және ауылдық округтердiң әкiмдерi қатарынан тағайындалады.";
екіншi абзацпен толықтырылсын:
"Кеңес мүшелерiнiң жартысы азаматтық қоғам институттарының (саяси партиялар, үкiметтiк емес ұйымдар, бұқаралық ақпарат құралдары), сондай-ақ халықтың негiзгi әлеуметтiк топтарының (кәсiпкерлер, фермерлер, мәдениет, бiлiм беру және денсаулық сақтау салаларының қызметкерлерi, ғылыми, шығармашылық интеллигенция және т.б.) өкiлдерi қатарынан тағайындалады.".
2. "Қазақстан Республикасының Ұлттық кеңесi туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2002 жылғы 29 сәуiрдегi N 857 Жарлығымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Ұлттық кеңесiнiң құрамы осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
3. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2003 жылғы 5 қарашадағы N 1222 Жарлығына Қосымша
Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2003 жылғы 29 сәуiрдегі N 857 Жарлығымен Бекітілген
Қазақстан Республикасы Ұлттық кеңесiнiң Құрамы
Назарбаев - Қазақстан Республикасының
Полная версия