Близость слов: Окончание:





Документ показан в демонстрационном режиме!
Осы редакция 17.04.2007 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Отбасы iстерi және гендерлiк саясат жөнiндегi ұлттық комиссия туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 1 ақпандағы N 56 Жарлығы
"Президент пен Үкімет актілерінің жинағында" және республикалық баспасөзде мазмұны жариялануға тиіс
Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының  20) тармақшасына, "Қазақстан Республикасының Президентi туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 26 желтоқсандағы Конституциялық заңының  33-бабының  1-тармағына сәйкес   ҚАУЛЫ ЕТЕМIН: 
1. Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы консультативтiк-кеңесшi орган ретiнде Отбасы iстерi және гендерлiк саясат жөнiндегi ұлттық комиссия құрылсын.
1) Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Отбасы iстерi және гендерлiк саясат жөнiндегi ұлттық комиссия туралы ереже; 
2) Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Отбасы iстерi және гендерлiк саясат жөнiндегi ұлттық комиссияның құрамы бекiтiлсiн.
1) бiр ай мерзiмде облыстар, Астана және Алматы қалалары әкiмдерiнiң жанындағы отбасы iстерi және гендерлiк саясат жөнiндегi комиссия туралы yлгi ереженi әзiрлеп, бекiтсiн; 
2) осы Жарлықты iске асыру жөнiндегi өзге де қажеттi шараларды қабылдасын.
4. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi жоғарыда аталған отбасы iстерi және гендерлiк саясат жөнiндегi комиссияларды құрсын.
5. Қазақстан Республикасы Президентiнiң мынадай жарлықтарына өзгерiстер енгiзiлсiн:
1) "Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Кешiрiм жасау мәселелерi жөнiндегi комиссия құрамы туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы 13 қыркүйектегi N 3108 Жарлығында:
"Самақова                   - Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны 
Айткүл Байғазықызы            қорғау министрi - Қазақстан                                 Республикасы Президентiнiң жанындағы 
                       Отбасы және әйелдер iсi жөнiндегi                                 ұлттық комиссияның төрайымы" деген жолдағы "Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрi" және "Отбасы және әйелдер iсi" деген сөздер тиiсiнше "Қазақстан Республикасы Президентiнiң кеңесшiсi" және "Отбасы iстерi және гендерлiк саясат" деген сөздермен алмастырылсын;
2) "Қазақстанның 2030 жылға дейiнгi даму стратегиясын одан әрi iске асыру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2001 жылғы 4 желтоқсандағы N 735  Жарлығына  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., N 43-44, 532-құжат; 2003 ж., N 49, 557-құжат):
аталған Жарлықпен бекiтiлген Қазақстан Республикасының 2010 жылға дейiнгi Стратегиялық даму жоспарында: 
Полная версия
ИС BestProfi